2014 жылдың 1 қарашасында Астана қаласында Ақмола облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Бұл күні облыс аудандарының шаруашылықтары мен шаруа қожалықтары өз өнімдерінің түр-түрін тұтынушыларға арзандатылған бағамен ұсынады.
Жәрмеңке Астана қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда сағат 9.00-де басталады.
2014 жылдың 25 қазанында облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын Ғасыр» сауда үйі алаңында Ерейментау, Есіл аудандары және Көкшетау қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің азық-түлік тауарларын сату жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке сағат 9.00-де басталады. Сіздерді жәрмеңкеге шақырамыз.