Қылмыстың алдын алатын жоба

Бұдан былай облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің барлық аулалары, автокөлік тұрақтары мен балалар аулалары  түгелдей бейнебақылау камераларымен жарақтандырылатын болады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінде «Қауіпсіз аула» бағдарламасының іске асырылу барысы жайында өткен жұмыс кеңесінде белгілі болды.

Жиынға қалалық әкімдік, жеке пәтер иелері кооперативтері өкілдері, көпқабатты үйлерге түрлі қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлер, учаскелік инспекторлар, бейне-бақылау жүйелерін  орнатумен айналысатын монтаждау мекемелерінің мамандары қатысты. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты – қала тыныштығын сақтап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Мұрағаттау қоры бар мұндай камералар әзірге «Інжу» тұрғын үй кешеніне қойылды. Ал, Мұнай базасы және Горький көшелерінде сегіз көпқабатты үйдің тұрғындары өз аулаларына камералар орнатуға қарсылықтарының жоқ екендігін айтыпты. Айта кетейік,  «Қауіпсіз аула» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен  34 миллион теңге бөлініп отыр. Бағдарлама бақылауды күшейту арқылы қылмыстың алдын алып, жасалған заң бұзушылықтарды көп уақыт оздырмай анықтауға мүмкіндік беретін болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар