Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

И.Н.Тасмағамбетовті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындау туралы
 
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын.

 Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев.
 
Астана, Ақорда, 2014 жылғы  22 қазан, №934.

Қазақстан Республикасы   Президентінің Жарлығы

Ә.Р.Жақсыбековті Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы

Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
 
Астана, Ақорда, 2014 жылғы  22 қазан, №935.

* * *

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.

* * *

Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысының міндетін уақытша атқарушы  болып тағайындалды.

* * *
Мемлекет басшысы Астана қаласының активімен кездесті.

Мемлекет басшысы Астана активімен кездесу барысында И.Тасмағамбетовтің Қорғаныс министрі болып тағайындалғанын айтты. Оның қалаға басшылық жасаған кезінде Астана айтарлықтай жаңарғанын да атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Елорданың жаңа әкімі
болып Әділбек Жақсыбеков тағайындалғанын айтты.
И.Тасмағамбетов пен Ә.Жақсыбеков сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына алғыстарын айтып, алдарына қойған барлық міндетті шешу үшін бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтты.

* * *

Елбасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті.
 
Мемлекет басшысы кездесу барысында берген өтінішіне орай Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдағанын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ведомствоның басшылық құрамына жаңа министр Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігі елдің мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды буын саналатынын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан армиясының қару-жарағын одан әрі жетілдірудің және оны заманауи әскери техникалармен жабдықтаудың қажеттілігіне назар аударды.

 *  *  *
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Нығметұлы Ахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.

*  *  *
Мемлекет Басшысының Өкімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар