Валентина Запольская әлеуметтік қызметкер ретінде облыс орталығында 8 қартты өз қамқорлығына алса, Алма Сүлейменова қала іргесіндегі Краснояр ауылында 6 егде адамға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Олардың мойнында дүкеннен азық-түлік әкелу, пәтерді жинап тазарту, пеш жағу, қарттардың денсаулығын қадағалап, дәрі-дәрмектерін әкеліп беру сияқты қат-қабат міндеттер бар. Осы міндет жүгін қайыспай көтеріп, жасы жеткен, аурушаң жандарға үлкен мейіріммен қараған қос қызметкердің де еңбегі құрметке лайық.
Суретте: мерекелік салтанатта қажырлы еңбектері лайықты аталып өткен
Валентина Запольская және Алма Сүлейменова.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.