Адамгершіліктің үлкені – қайырымдылық

Валентина Запольская  әлеуметтік қызметкер ретінде облыс орталығында 8 қартты өз қамқорлығына алса, Алма Сүлейменова қала іргесіндегі Краснояр ауылында 6  егде адамға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Олардың мойнында дүкеннен азық-түлік әкелу, пәтерді жинап тазарту, пеш жағу, қарттардың денсаулығын қадағалап,  дәрі-дәрмектерін әкеліп беру сияқты қат-қабат міндеттер бар. Осы міндет жүгін қайыспай көтеріп, жасы жеткен, аурушаң жандарға үлкен мейіріммен қараған қос қызметкердің де еңбегі құрметке лайық.

Суретте: мерекелік салтанатта қажырлы еңбектері лайықты аталып өткен
Валентина Запольская және Алма Сүлейменова.

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар