Балғындар сайысқа жиналды

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында IX аудандық спартакиадасы болып өтті.

Аудандық мәдениет үйінде өткен шарада «Қайсар», «Барыс», «Ақ Отау», «Мердігерлер», «Фламинго» және Қызылсай ауылының командалары өзара сынға түсті.

Сайыстың алғашқы кезеңінде командалар өздерін таныстыру және таңғы жаттығуларды орындау бо-йынша бақ сынасты. Ал, екінші кезеңде дойбыдан жарыс өтті. Сайыстың келесі кезеңінде ата-аналар мен әлеуметтік қызметкерлердің сайысы қызу өткенін де айтып өткеніміз жөн. Соңғы кезең шар жару және «darts» ойынымен қорытындыланды.
Жалпы, балалар барлық кезеңде де өте қызықты және тартысты ойын көрсете алды. Тағы бір айта кетерлігі, алдағы уақытта осындай іс-шара ересек адамдар арасында да  өткізілмекші.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қызылсай ауылдық округінің командасы жеңіп алды.  Екінші және үшінші орындарды Қорғалжын ауылы мен Амангелді ауылдық округінің командалары өзара бөлісті. Қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтарға ие болып, грамоталармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар