Мен кешіргенмен, қателігін түсінсе…

Құрметті «Арқа ажары» газетінің редакциясы! Хатымның басын қасиетті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадис шәрифінен бастағым келіп отыр. «Кімде-кім біреудің бір қатесін жасырса, Алла тағала сол адамның да қатесін жасырады» деген.

Бұл арада әңгіме бір қате туралы болып отыр. Ал, көрген қателіктердің бәрін жасыра берсек, оны істеген адамдар мүлдем мойнымызға мініп алады ғой. Маған жасалған әдепсіздік мен сияқты басқа да үмбеттерімізге жасалуы әбден мүмкін. 
Айтайын дегенім, өткен жолы бір қажеттілікпен жаңадан салынып жатқан мешіттің жанындағы аялдамадан №8 маршрут бойынша жүретін автобусқа отырдым. Кондуктор автобустың соңғы жағында жол ақысын жинап жатқан соң, жүргізушіге бір адамға деп ақшамды ұсындым. Қайтарған тиын-тебеніне көз жүгіртсем, 10 теңге жетпейді екен. Соны ескертуім мұң екен, әлгі жүргізуші «менің әкем де молда, бірақ, саған оған жету қайда?» деп қарап отыр.
Мен де бұл сөзге  үндемей  қалудың қисынын таба алмай, «қалқам, 10 теңгенің артығы не, кемдігі не, мен тек кісі ақысын жегенің ертеңгі күні тозаққа тартпасын деп айтып тұрмын» деп едім, «мә, ендеше, мына 100 теңгені алыңыз, сонда жетіп қалар» деп кекетіп тұр. Иә, өкінішке орай, арамызда түсінігі шамалы,  осындай да жандар бар.
Өзім кезінде Зеренді ауданының бас имамы, облыс орталығындағы Застанционный кентіндегі мешітте бас имам, Сандықтау ауданының Балкашин мешітінде бас имам болып қызмет істедім. Қазір ауырған соң имамдықты қойдым. Осы  күнде бел алып бара жатқан рухани жұтаңдығымыздан да шығар, автобусқа отырамын деп жоғарыдағыдай әдепсіздікке тап болдым. Мен ол пендені кешірдім, Алладан да кешіре гөр деп тілеймін. Бірақ, мен кешіргеніммен, ондайлар өз қателігін түсінсе…

Кенесары қажы ҚҰДАБАЙ. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар