Ардагерлер өнегесімен

Аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасы бойынша Приречное селосының орта мектебінде аға ұрпақ өкілдерінің жастармен кездесуі болып өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Алмас Тоқтамысов пен аудандық мәслихат хатшысы Рақым Түлкібаев, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек ардагерлері және жастар қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесі, ішкі саясат бөлімі, жас-
тар ресурстық орталығы мен Приречное селосы әкімінің ұйымдастыруымен өткен шарада Приречное селосының тұрғыны Григорий Кастюкке «Целиноград ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.

Жас құрақтай өсіп келе жатқан жас буынға білім мен тәлім-тәрбие беріп, өнегелі істерге үйрету аға ұрпақтың парызы мен міндеті. Ата-бабаларымыздың ерлік істерін дәріптеп, оларды отансүйгіштікке баулу да ерекше мәнге ие. Осы орайда, еңбегімен аты шыққан Жолымбет Тәшетов, Сағила Әбдірахманова, Балтабай Мәжренов, Светлана Кузуб, Қарталы Жүкеев, Виктор Швитко, Евсей Кишкуца, Амангелді Әшіров сынды ауданымызға белгілі тұлғалар жастарға ақыл-кеңестерін айтып, үлгі-өнеге көрсетті.
Ауыл – алтын бесік. Әр ауылда үлгі-өнегеге толы жарқын істер мен жақсы бастамалар болады. «Ел іші – өнер кеніші» дегендей, жергілікті жерлерде тума талант иелері мен өнер десе ішер асын жерге қоятын дарындар бар. Олардың өнерін насихаттау да жарқын істің бастамасы болып саналады. Шара соңында ән мен жырдан шашу шашылып, ардагерлерге құрмет көрсетілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар