Облыс әкімі Сергей Кулагин «Оқжетпес» пен Шымкенттің «Қыран» коман-даларының ойынын тамашалады.
Ойынның басынан-ақ екі команда алма-кезек шабуыл ұйымдастыра білді. 21 минутта шымкенттік ойыншы ойын тәртібін бұзып, команда капитаны Әлібек Бөлешевтің тепкен айып добы қарсыластар қақпасына дөп түсті. Біздің қақпаға да төнген қауіп-қатер аз болмады. Бірінші таймның соңында «Оқжетпес» ұйымдастырған шабуыл өз нәтижесін беріп, Әлібек Бөлешев екінші доптың авторы атанды. Екінші таймда біздің ойыншы Никита Хохловты алмастырған Александр Ульшин шеберлік танытып, қарсыластар қақпасына үшінші допты соқты. Қонақтар бұл үш голға бір доппен ғана жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.