Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық орталық емхана медициналық жабдықтармен толыға түсуде.
Бағдарлама шеңберінде осында жаңа ультрадыбыстық тексеріс аппараты орнатылды. Онымен Астана қаласында 2012-2013 жылдары өндірістік тәжірибеден өткен медбике Т.Шилова жұмыс істейді. Іске кіріскеннен бері ол 1300 мәрте тексеріс жүргізіп, 360 сырқат белгісін анықтады. Жас маман ультрадыбыстық жабдықтың көмегімен ауру түрлерін дереу анықтап, сырқаттардың тез жазылуына септігін тигізуде.
«Ақмола Медиа» орталығының ақпараты.
Жақсы ауданы.