Тоқтап қалған жүректі салды

Адамзат тарихында бірінші рет Австралия хирургтері тірі адамның  жүрегін өлген адамның жүрегімен алмастырды.

Бұған дейін жүрек трансплантациясы тек «тірі» органдар бойынша ғана жасалатын. Ал, Австралияның Сидней қаласындағы Әулие Викентий ауруханасының хирургтері 20 минут бұрын тоқтап қалған жүректі  пациентке сәтті алмастырып салып, әлемде бұрын-соңды болмаған ғажайып жетістікке жетті. Ауруханада мұндай операция бір емес, үш бірдей адамға жасалды. Олардың екеуі қазір өздерін  жақсы сезінуде. Ал, біреуі интенсивті терапия бөлімшесінде жатыр.
Ғалымдар бұл операцияны дәуірдің үлкен жаңалығы деп бағалап отыр. Бұрын трансплантацияға клиникалық өлім халінде жатқан адамның жүрегі пайдаланып келсе,  енді тоқтап қалған жүректі де алмастырып салуға болатындығы дәлелденіп отыр.
Жобаның жетекшісі Питер Мак-Дональдтың айтуынша, ол осы мәселемен 20 жыл бойы айналысып келген. Сол ізденісінің нәтижесінде «қорапшадағы жүрек» қондырғысын  ойлап тапқан. Мұның мәнісі, арнайы контейнерге донордың қаны құйылады, сосын онда орган қондырылып, электр жүйесінің көмегімен жүректің соғып кетуіне қол жеткізіледі.
Осылайша алмастырылатын жүрек адамдардың тағы 30 пайыздай ғұмырын ұзартуға болады деген қорытынды жасатып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар