Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жәрмеңкелер арқылы баға арзандап тұрады - АРҚА АЖАРЫ

Жәрмеңкелер арқылы баға арзандап тұрады

Ауданда халықты мүмкіндігінше арзан азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесі аудан әкімі Ермек Нұғымановтың жіті бақылауында. Оның  бір айғағы ретінде мұнда өткізіліп тұратын жәрмеңкелерді айтуға болады. 

Жуырда аудан орталығындағы орталық алаңда осындай тағы бір жәрмеңке өтті. Аудандағы меншіктің барлық түріндегі шаруашылықтар, жеке меншік иелері әкелген тауарлардың сауда орындарындағы осындай тауарларға қарағанда, шамамен 15-20 пайызға арзан болуы әрине, сатып алушылардың көңілдерінен шыққан болу керек. Себебі, сауда қызу жүріп, тұрғындар қажетті азық-түліктерді молынан сатып алды.
Жәрмеңкеде тұрғындар көп тұтынатын жылқы, сиыр, қой еті мол болды. Сондай-ақ, шошқа еті мен құс етінің де молынан сатылғандығын атап өту керек. Біраз шаруашылықтар сүт, қаймақ, май, балық әкелген екен, ол тауарлар да тез арада сатып алушыларын тауып жатты. Тіпті, жәрмеңкеде әдетте көп кездесе бермейтін ешкі сүтінің сатылғандығы да бұл өнімге деген сұраныстың көбейгендігін байқатса керек.
Аудандағы көкөніс өсірумен айналысатын Новомарковка ауылының тауар өндірушілері де жәрмеңкеден сырт қалмаған екен. Сондай-ақ, қысқа қажетті ағаш, көмір де біршама арзан бағамен сатылып, тұрғындардың ризашылықтарын тудырды. Кейбір шағын кәсіпкерлер бал сатса, басқа да өз кәсібі бар азаматтар қолда бар тауарларын тұтынушыларға ұсынды.
Нақты деректерге келер болсақ, сол күні барлығы 2708190 теңгенің азық-түлік тауарлары сатылған екен. Оның ішінде 1511500 теңгеге сиыр еті, 160000 теңгеге қой және 237500 теңгеге жылқы еті тұтынушыларға ұсынылды.

Раушан НҰРҒАЗИНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар