Оқушыларға ыстық ас беріледі

Торғай ауылындағы орта мектепте 50 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Мектеп директоры Жеңіс Бөдешовтың айтуынша, шаруашылық нысандары мектеп асханасын етпен, сүтпен, ұнмен, маймен және тағы да басқа қажетті азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етіп отырады.

Мектеп асханасы керекті қондырғылармен жабдықталған. Енді осыған аспаз Алма Ақбаева мен оның көмекшісі Әйкен Әлжанованың өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, күн сайын балаларға дайындалатын астың дәмді болуына баса назар аударатындығын қоссақ, аталмыш мектепте оқушыларға деген қамқорлықтың жоғары деңгейде екендігін пайымдауға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар