Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кім кінәлі?.. - АРҚА АЖАРЫ

Кім кінәлі?..

Жақында Ақмола облысының кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1995 жылғы Милана есімді жас анаға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот алдына бірінші рет келіп тұрған Милана өзінің іштен шыққан сәбиін 200 000 теңгеге сату үстінде ұсталған. Бұл оның үшінші сәбиі екен. Милана тұңғышын сәбилер үйіне тапсырған. Екіншісін өзінің туған анасына басыбайлы берген, ал үшіншісін сатып пайда тапқысы келген екен. Алланың берген аманаты – сәбиін сату үшін әлеуметтік желіні пайдаланып, сатып алушыларды тапқан. Сотқа оның анасы да келді. Қызым кінәлі емес, деді. Милана да шімірікпестен: «Мен кінәлі емеспін!», деді. Бірақ сот  Милананы кінәлі деп тауып, ортақ тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.
Ал, Диана есімді Көкшетау қаласының 21 жасар тағы бір тұрғыны шекесі торсықтай ұлын туа салысымен Қытайдың ала дорбасына салып, есік алдына шығарып тастаған. Сот сарапшылары баланың шамамен екі сағаттай тыпырлап тірі жатқанын, одан кейін ғана денесінің тоңып, суықтан жантәсілім еткенін айғақтады. Сотта ол не істеп, не қойғанымды білмедім деп ақталды. Сот Диананы үш жылға бас бостандығынан айыр-
ды. Адам өлтірген ана-сымаққа жаза бұдан да қатаңдау болуы керек еді.
Жалпы, аналық міндетін орындамай, балаға қатысты құқығынан айырылғандар Ақмола облысында жетіп-артылады. Мұндай істер өзінің аяусыздығымен жан түршіктіреді. Баласына тамақ бермей, суық үйде қамап ұстаған, үйі болса да емшектегі баласымен далада түнеп қайыршылық күн кешуді әдетке айналдырған әйелдер де жетерлік. Ақмола облысының кәмелет жасына  толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметтері бойынша 2013 жылдың 9 айында 149 ана өзінің баласына қатысты заңды құқынан айырылған болса, 2014 жылдың 9 айында аналық құқығын жоғалтқандар саны 169-ға жетті. Бұған кім кінәлі?

Айсұлу РҮСТЕМБЕК,
Ақмола облыстық сотының  бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар