сарбаздың әсерлі әңгімесі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында №2 Аршалы орта мектебінде «Ерлік сабағы» атты әскери-патриоттық іс-шара болып өтті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастармен жұмыс жүргізуге басты назар аудару керек екенін айтып, өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиемен сусындауына барлық жағдай жасалуы тиіс деген болатын. Бұл бағытта ауданда біраз жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өткен ләзім. Жақында болған әскери-патриоттық шараға Астана қаласының №68665 әскери бөлімінің сержанты Николай Зеленый қатысып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Танымдық сабақ барысында тарих пәнінің мұғалімі Зинаида Пыхтеева да әскери тақырыптағы тарихи оқиғалар жөнінде өз ойымен бөлісті.
Кездесу барысында Николай оқушыларға әскери өмірдің қызығы мен қиындығын айтып, әр азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті екенін жеткізді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар