Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Облыс әкімі С.В.Кулагиннің 2014 жылғы 7 қарашадағы өкімімен Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдин облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдин 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған, үш жоғары білімі бар, С.М.Киров атындағы Ленин орденді Омбы ауыл шаруашылығы институтын инженер-гидротехник мамандығы, Мәскеу заманауи гуманитарлық институтын юриспруденция бакалавры мамандығы,  Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданындағы «Образцовый» кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1992 жылғы желтоқсаннан бастап Петропавл қаласы бойынша салық комитетінде әртүрлі мемлекеттік лауазымдарда қызмет істеді. 1999 жылғы сәуірден Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, ал, 2000 жылғы қазаннан төрағаның орынбасары болды. 2008 жылғы мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы
лауазымына тағайындалды. 2010 жылғы қыркүйектен Ақмола облысы бойынша салық департаментінің басшысы лауазымын атқарды.
«Құрмет» орденімен, «Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен, мерейтойлық медалімен марапатталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар