Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашағымыз жарқын болады - АРҚА АЖАРЫ

Болашағымыз жарқын болады

Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі − Елбасының бізге сындарлы кездің жеткенін ескертіп, соған жауап қайтару тетіктерін қарастыруында дер едім. Қалай десек те, бізде бұған жауап берер «Мәңгілік ел» атты ұлы мұраттың барын ұмытпайық.

 Алпауыттар арасындағы бәсекелестік пен бақталастық, содан туындаған мүдделер қақтығысы жаһан экономикасын айтарлықтай әлсіретіп тастады. Мұнай бағасының күрт төмендеуі, оның ұлттық валютаға әсері шикізаттың отаны саналатын біздің мемлекет үшін оңай болмағалы тұр. Бұдан шығудың, қиындықта мұқалып қалмаудың басты тетігі ретінде Мемлекет басшысы  − Мәңгілік ел идеясын атап көрсетті. «Ол Қазақстан – 2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры», − деп түсіндірді бұл тұрғыдағы  ойын Президент. 
Расында да, халқымыздың өткенге құрметі, бүгінгіге шүкірлігі мен келешектегі ұлы мақсаты, осының бәрі аталған идеяның төңірегінде шоғырланатын сияқты. Тіпті, Елбасымыз айтпақшы, патриотизм дегеннің өзі – осы Мәңгілік ел ғой. Бұл – біздің талпынар мақсат, шығар биігіміз. Жалпы, мен бұл жерде «біз» деген сөзді тегіннен-тегін қолданып отырған жоқпын. Біз – ол тағдырлас, бауырлас, тамырлас қазақстандықтар. Тоныкөк бабаларымыз аңсаған мұратқа жетуді көздеген елдің негізгі басымдық ретінде татулық пен тұрақтылықты таңдап алуы да сондықтан. Ұлт көшбасшысы халық тұтастығы сыналатын шақта бөріге жем болмас үшін бөлінбеуді бізге тағы да қайталап айтты.
Келер жыл онсыз да жақындасу, тұтасу жылы болғалы тұрғандай. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы,  Ата Заңымыз бен татулықтың алтын шаңырағы саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы кең көлемде аталып өтілмекші. Мен жаңа қазақстандық патриотизмді өскелең ұрпақ санасына сіңіре білуде Ұлы Жеңістің 70 жылдығының да алар орны ерекше деп санаймын.   Мұның барлығы да кейінгі буынның  ат үстінен түспей, ел тыныштығын қорғаған баһәдүр бабаларымыздың  алдындағы ұрпақ парызын өтеу жолындағы қадам деп білемін. Енді солардың арқасында келген еркіндікті сақтап, Мәңгілік ел болу жолында аянбауға тиістіміз. Әсіресе, жастар жауапкершілік жүгін  сезіне білсе игі. Ел болашағы солардың қолында ғой.
Чапай ӘБУТӘЛІПОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар