Әр басшыға жауапкершілік жүктейді

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген облыс активінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан туындайтын  міндеттерді  іске асыру жөніндегі шаралар жоспары  қаралды.

Өңір басшысы алға қойылған міндеттердің ауқымдылығын атап өтті. – Біздің міндетіміз Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды қысқа мерзімде  орындап шығу, – деді Сергей Кулагин өз сөзінде. Осыған байланысты тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар шұғыл тапсырмалар берілді.
 – Аталған Жолдауды іске асыру өңірдің, тұтастай алғанда еліміздің игілігі үшін әрбір басшыға жеке жауапкершілік жүктейді. Жұмысты сапасыз атқарғандардан өте қатаң түрде сұралатын болады. Біз үйлесімді жұмыс істеп, бөлінген қаржыны тиімді және үнемді пайдалануымыз керек, – деп атап көрсетті одан әрі облыс әкімі. Сондай-ақ, өңір басшысы Ерейментаудағы жел электр станциясы мен Көкшетаудағы жылу-электр станциясының құрылысын іске асыру мәселелеріне назар аударды. Бұған қоса, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында модернизациялау жұмыстарын жеделдету, шағын және орта бизнесті дамыту, өңірде мектеп жасына дейінгі мекемелердің тапшылығын жою қажет екендігіне тоқталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар