Баспана мәселесі баса айтылды

Биыл Елбасымыз өз Жолдауын жылдағыдан ерте жариялап, оның себебін әлемдік дағдарыстың ықтимал зардаптарымен түсіндірді. Жолдаудан біздің еліміз мұндай жағдайларға алдын-ала дайын отырғандығы жақсы аңғарылады.

 

Елбасымыз бұған дейін жиналған ұлттық қор қаржысын осы бір өткелегі көп кезеңде өз орнымен жұмсап, экономикамыздың әлсіремек түгілі,  одан әрі күш алуын ойластырып отыр. Тіпті, әлеуметтік салада жаңа бетбұрыстар жасалып, көптеген инфрақұрылымдар одан әрі дамып, өркен жаюымен ерекшеленбекші. Мұның өзі Жолдаудың ең бір қанағат сезімін туғызатын басты қасиеті.  
Бұл тарихи құжатта қоғамның әрбір мүшесіне зор жауапкершілік жүктелген. Сан салалы өміріміздің барлық тыныс-тіршілігін түгел қамтыған Жолдауда әсіресе, жастарға көп үміт артылып отыр.
Қазіргі күні жастардың көбі пәтер жалдап, күн көретіні жасырын емес. Қаншама жас отбасылар да баспананың жоқтығынан қиналып жүр. Осы ретте, жалға берілетін тұрғын үй құрылысының жандандырылатындығы жас қазақстандықтарды бір серпілтіп тастады. Мемлекет әлеуметтік баспаналар салып, оны тұрғындарға сатып алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсыну тетігін бұрынғыдан бетер іске қоса түспекші. Демек, баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен алатын күннің ауылы алыс емес деп ойлаймын. Бастапқы жарнаның болмауы және ипотека үшін төмен пайыздар жастардың әр жіктері үшін пәтерге қолжетімділікті жеңілдете түспек. Президент 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін қосымша 180 миллиард теңге бөлінетінін айтып, біздің көкейіміздегі ойды дөп басты.
Әрине, мұндай қамқорлыққа жастар да  жастық қайратымен жауап беруі тиіс. Ол үшін біздің әрқайсымызға адал еңбекті қадір тұту, көп ізденіп, білімді серік ету, аға ұрпақты сыйлап, адамгершілік асыл қасиеттерге бойлау сияқты мінез-құлық керек. Бұл да бүгінгі күні біле білсек, қадірімізді арттыратын, өз туған еліміздің өркендеуіне үлес болып қосылатын біздің жақсы жақтарымыз болар еді.  Әрбір жастың бойында жалындаған рух, осы Жолдауды орындауға деген ықылас-ниет зор болса, алынбайтын асу, көтерілмейтін белес жоқ.   Іс жүзінде жастар тарапынан Жолдауға деген құлшыныс дәл осылай болып, бұл ұлы мұратқа біз де өз үлесімізді лайықты түрде қосамыз деген сенімдеміз.

Айнұр АЮПОВА,
     Ақмола облысы бойынша
экология департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар