Еңбектері кұрметке лайық

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков Ұлттық валюта-Теңге күнін мерекелеуге арналған салтанатты шараға қатысып, қаржыгерлерді төл мерекелерімен құттықтады және сала қызметкерлерін Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауынан туындайтын келелі міндеттерді абыроймен орындауға шақырды.

Бұл шараға барлық қаржы саласының басшылары мен мамандары қатысты. Облыс басшысының орынбасары банктерді сауықтыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаржы бөлінгенін, осы орайда, талап күшейіп, біліктілік қажет болатынын, алда жауапты жұмыстар күтіп тұрғанын алға тартты. Бұдан кейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Бектұрған Бозтериев сөз сөйлеп, аз мерзім ішінде тәжірибелі әрі өз ісіне шынайы берілген біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейтін дербес қаржы жүйесі құрылғанын жеткізіп, өз әріптестерін атаулы мерекемен құттықтады.
  Шара соңында өңір басшысының орынбасары бірқатар қаржы саласы қызметкерлерін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
   «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар