Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа істерге жұмылдырады - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа істерге жұмылдырады

 «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында еліміз үшін қос маңызды құжаттың қабылданғаны белгілі. Біріншісі, Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы. Ал, екіншісі, 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы. 

Осындай аса мәнді саяси оқиғалармен ұштастырыла өткізілген партияның аудандық  филиалының ХVІІ есеп беру-сайлау конференциясына бастауыш ұйымдардың өкілдері, кәсіпорын-ұйым, мекеме басшылары, белсенді жастар жағы қатысты. Конференцияға сондай-ақ, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты Сағынтай Елубаев қатысып, сөз сөйледі. Конференцияның күн тәртібінде  «Нұр Отан» партия-сы Қорғалжын аудандық филиалының 2013 жылы және 2014 жылдың 10 айында атқарған жұмысы туралы есебі және филиалдың Саяси кеңес мүшелерін сайлау мәселелері қаралды. Бірінші мәселе бойынша  аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Қайыр Рыскелдинов баяндама жасады.
– Партияның Қорғалжын аудандық филиалының есепті кезеңдегі жұмысы негізінен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, 2010-2014 жылдарға бағытталған үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы мен «Бизнестің даму картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды.  Осыған орай, қоғамдық қабылдаулар, партия филиалының жиналыстары, еңбек ұжымдарының партия өкілдерімен кездесулері, ақпараттық-насихаттық топтардың Жолдауды насихаттауы сияқты шаралар қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілді, – деп атап көрсетті өз сөзінде баяндамашы. 
Аудандық партия филиалының жұмысына халықтың сенімі күннен-күнге артып келеді. Жоғарыдағыдай шараларда аудан тұрғындарының көбіне-көп көтеретіні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, материалдық көмек алу, жұмыспен қамту және балаларын бала бақшаға орналастыру сияқты мәселелер. Олармен айналысудан билік партиясы ешқашан бас тартқан емес. Мүмкіндігінше көмек қолын созып, жағдай жасауға  дайын.
   Бұл орайда, қоғамдық қабылдау да жүйелі жұмыс істейді. Онда азаматтарды жеке мәселелерімен филиал басшылары, облыстық, аудандық мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қабылдайды. Конференция барысында сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жұмабаев партияның міндетті жарна түсімдері жайлы сөз қозғады.
– Аудандық филиал тиісті партиялық жарналардың мерзімде аударылуына және  ішкі тәртіпке көп көңіл бөлуде. 2012 жылы мүшелік жарнаның тек 58 па-йызы ғана жиналған болса, есепті кезең ішінде бұл көрсеткіштің өскендігі байқалады. Ол  2013 жылы 72,8 пайызды,  ал, 2014 жылдың он айының ішінде 101,9 па-йызды көрсетіп отыр. Бұл жағынан облыстағы 20 партия филиалының ішінде 7 орынға тұрақтадық, – деді ол.
   Конференцияда  партияның аудандық филиалының тұңғыш төрайымы Роза Серікқызы сөз сөйлеп, ол кездегі жаңадан құрылған партия филиалы мен қазіргі филиалдың жағдайы еш салыстыруға келмейтіндігін айтты.
– Біреу білсе, біреу білмейді, ол кезде партия қатарына қабылданған адамдарға біз партиялық билетті қолмен жазып бере беруші едік. Содан бері міне, қаншама оң өзгерістер болды. Партияның да күш-қуаты, халық алдындағы жауапкершілігі артты. Кешегі өткен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасымыз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын  қабылдап, еліміздің жаһандық дағдарысқа қарсы іс-қимыл жос-парын түзіп берді. Біздің бәріміздің ендігі парызымыз осы Жолдауда атап көрсетілген міндеттерге терең бойлап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында зор жауапкершілікпен еңбек ету,–деді өз сөзінде шешен.   
Бұған қоса, аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлан Шалғынбаев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы директоры Наурызхан Байешев сөз алып, партияның жастарға деген көзқарасының әрқашан оң екендігін, «Жас Отан» жастар үшін шынығу, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласу мектебі екендігін айта келе, осы орайда, атқарылып жатқан және алдағы уақытта назар аударатын мәселелерді тілге тиек етті. 
Зор өрлеумен өткен партия конференциясында  Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Сағынтай Елубаев сөз сөйлеп, аудан халқы мен партия мүшелерінің әр қадамдарына сәттілік тіледі.
– Өз еңбек жолымды, осы аудандағы «Дружба» кеңшарында бастаған едім. Аудан халқы қашанда еңбекқор, қонақжай еді. Қазір де солай екендігіне толық сенімдімін. Алда Елбасының жаңа Жолдауынан туындайтын үлкен міндеттер тұр. Сол міндеттерді шешу жолында еңбектерің жансын, – дей келе ол партияның бір топ мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін тапсырды. 
Конференцияда филиалдың сайланбалы органдары сайланып, жаңа есепті кезеңдегі жұмыс көкжиектері белгіленді. Елбасы Жолдауы қабылданып жатқан нағыз тарихи кезеңде өткізіліп отырған маңызды шара қорғалжындық партия мүшелерін одан сайын жігерлі істерге бастап,  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын өміршең етеді деген сенім мол.
Шоқан ЗӘКАРИН,
«Нұр Отан» партиясы  Қорғалжын аудандық
филиалы  саяси кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар