«КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДАДА» – ӨМІР ШЫНДЫҒЫ

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында талантты актер Сафуан Рысбайұлының антрепризалық театры Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» атты моноспектаклін сəтті сахналап, көкшелік көрермендердің шексіз ықыласына бөленді.

Болат Əбдірахмановтың режиссер-лығымен қойылған спектакльді қазақ тіліне тəржімалаған Ж.Қонаева болса, қойылымның музыкасын Сергей Люшин мен Yann Tirsen жазыпты. Моноспектакль кішкентай ханзаданың басынан өткен шым-шытырық оқиғаларды сипаттайды. Тізесінен келетін екі-ақ жанартауы мен жалғыз тал гүлі бар əлемдегі ең кішкент ай ға ламшар тұрғынының тілімен автор адам толған қоғамда жүріп-ақ, өзіңді жалғыз сезінуің мүмкін екендігін айтқысы келгендей. Оқиға ұшқыштың өз өмірін баяндауынан басталады. Бала кезінде суретші болуды арман дағ ан ол үлкендердің қалауымен басқа кəсіпті таңдауға мəжбүр болғанын, ересектердің бар ойы есеп-қисапта екенін айтады. Сөйтіп, əлгі адам құла түзге, сахараға тап болады. Ұшағы сынып, жапан далада қалған оның жанына бір кішкентай бала келіп, одан қошақанның суретін салып беруді сұрайды. Салған суреттерінің бəрі балаға ұнамаған ұшқыш сасқанынан алдында тұрған жəшіктің суретін салып береді. Қошақаны соның ішінде деп сенген баламен оның арасындағы оқиға бұдан ары көрерменін қызықтыра отырып өрбиді. Кішкентай ханзада патша, атаққұмар, маскүнем, іскер адам, шырақшы, жылан, түлкі тұратын ғаламшарларда болғанын, онда жа лғыздан-жа лғыз тұратын тіршілік иелерінің түсініксіз іс-əрекетін аяндайды. Не керек, ұшқыш əлгі баланың осыдан алты жыл бұрын өзін тастап кеткенін айтып, өкінеді. Моноспектакль жалғыз тал раушан гүліне деген бала махаббаты арқылы адамның өз ақындарының өміріне жауапты екенін сездіреді. Əдемілікті тек жүрекпен қабылдауға болатыны да шығарманың басты өзегіндей. Яғни, əркімге өз ақыны, үйренген ортасы, ұғынысар адамы қымбат. Кішкентай ханзаданың таңертең тұра сала өз ғаламшарын ретке келтіре бастауында а осы, ортаның алдында жауапты болу идеясы жатқан сияқты. Осылайша үнемі «маңызды» тірліктерден қолы босамай, пендешілікке салынған ересектер бейнесін актер сəтті сомдап бере алды.Өңір театрлары үшін таңсық бұл қойылымды көрермендер жылы ықыласпен қабылдады. Барлық рөлдерді жалғыз өзі беріле сомдаған Сафуан Рысбайұлының кəсіби шеберлігі де т а лғампаз сыншылардың жоғары бағасына ие болды.

Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар