Сахна төрінде –– «Асыл Мұра»тобы

Ж ақында облыс орталығындағы «Көкшетау» мəдениет сарайында «Асыл Мұра» тобының шығармашылық кеші болып өтті.

Шоқан Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне Моңғолия, Қытай, Өзбекстан елінен оқуға келген 80 қандасымызды қарсы алу мақсатында ұйымдастырылған концертте «Асыл Мұра» тобы сахна төрінде өнер көрсетті. Өнерлі жастар дəстүрлі, эстрадалық, патриоттық əндерді шырқады. Алайда, шығармашылық кештің ашылуында бірқатар əбестіктер орын алғандығын айтып өткен лəзім. Сахнаға теңселе қозғалып, алып-ұшып шыққан жүргізушілерді «тамашаның» не болмаса ойын-сауықтық кештің жүргізушілеріне ұқсаттық.
Сөйлеу мəнерлерінде де асабалық дағды бар, құдды бір той жүргізіп тұрған сияқты. Атадан мұра болып қалған өнерді тамашалап, əн мен жырдан сусындауға келген көрерменнің ішінде кəрісі де жасы да болды. Сондықтан, кештің өткізілуіне ерекше дайындықпен келген жөн болар еді. Десек те, топ мүшелерінің өнеріне тағылар мін де, айтылар сын да жоқ. «Асыл Мұра» тобында Мұратқазы Апесхан (топ жетекшісі), Жанатқазы Дəмелғазы, Айтқазы Дəмелғазы, Жахан Нұрқанат, Аслан Мұхамедияр, Байдəулет Төлепберген, Нұрболат Мырзақұл, Мейрамбек Мұхат пен «арпа ішінде бір бидай» дегендей Эльмира Төлеубаева сынды дарындар бар. Топтың ең кішкентай өнерпазы Бағжан Оралбайдың да есімін ерекше айта кету керек. Кеш барысында өнерпаздар «Япурай», «Анашым», «Əриайдай», «Алға қазағым», «Көк тудың желбірегені», «Қазағым» деген əндерді сəтті орындап, көпшілік қауымның көңілінен шықты. Құрылғанына көп уақыт өте қоймаса да, талантты жігіттердің өнерін шын жүйріктің шабысына баладық. Шара соңында Шоқан Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Аманбай Сейітқасымов сөз алып, «Асыл Мұра» тобына ризашылығын білдірді. Ал, облыстық мəдениет басқармасының атынан Ғалия Ташкина ұжымды Алғыс хатпен марапаттап, өнер жолында сəттілік тіледі. «Қазақстан» əнімен қорытындыланған концерт соңы көкшелік көрермендерге патриоттық рух сыйлады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар