Алгы шепте

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі  Асқарбек Үйсімбаевтың төрағалығымен аудандық партия филиалының ХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. 

Конференция жұмысына облыстық жас-тар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Шахмардан Байманов, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, өңірдегі бастауыш партия ұйымдарының басшылары мен аудан активі қатысты.  Конференцияда аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Жанат Мыңбаев, Уәлиханов селолық округінің әкімі  Еркін Әубәкіров, Далабай селолық округіндегі бастауыш партия ұйымының төрағасы  Ерқанат Кәрімов сөз сөйлеп, есептік мерзім ішінде партия құрылымдарының атқарған жұмыстарына талдау жасады.
Филиал төрағасы Асқарбек Үйсімбаев өз кезегінде нұротандықтардың аудан  экономикасына қосып отырған үлесі жайында сөз қозғады. Партия мүшелері қатарын көпшілікке сыйлы, еңбек және өмірлік тәжірибесі мол адамдармен толықтырып отыру қажеттігі де тілге тиек етілді.  Солар арқылы халық партияға сенетін болады. Қоғам сеніміне ие болудың төте жолы елдің өзекті  мәселелерін шешуге атсалысу екенін ұмытпаған жөн. Ол үшін ауылдарға шығып, елдің жағдайымен танысып отыру маңызды. Жиын қорытындысы бойынша аудандық партия филиалының жұмысы қанағаттанарлық деп танылып, филиалдың саяси кеңес құрамы бекітілді, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының ХХ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жарқайың ауданы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар