Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәңгі жасайтын есім - АРҚА АЖАРЫ

Мәңгі жасайтын есім

Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 99 жыл толуына орай, қоғамдық жұртшылық өкілдері даңқты жерлесіміздің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Бұл шара алдымен, облыстық ардагерлер кеңесі, облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық қорғаныс істері департаменті, Мәлік Ғабдуллин музейі, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігі, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы мен №14 орта мектептің атынан  батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Жиында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мағауия Рақымбергенов сөз алып, елі үшін ерлік пен ерен еңбектің үлгісін көрсеткен біртуар тұлғаға құрметімізді аянбау абыройлы парызымыз екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол алдымызда келе жатқан  Ұлы Жеңістің 70 жылдық, Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойлары қарсаңында Көкшетаудағы музей ұжымының ұйымдастыруымен бірқатар игі шаралардың қолға алынып жатқанын тілге тиек етті. Батыр бабамыздың ерлігін, өнегелі өмірін дәріптеп, жастарға үлгі ету – басты парызымыз. Тағылымды шарада сөйлеген сөзінде облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ғалия Тәшкина да осы жағын баса атап көрсетіп, бұл шараның тәрбиелік мәніне тоқталды.
Міне, бірнеше айдан бері Мәлік Ғабдуллин музейі батырдың 100 жылдық мерейтойына арнап Көкшетау қаласы мектептері арасында «Мәртебелім – мектебім!» атты көрме ұйымдастырып келеді. Бұл жолғы көрменің қонағы – №14 орта мектеп. Сондықтан, осы білім ордасының директоры Ләззат Құрманғалиева да сөз алып, өз лебізін білдіруі заңдылық болса керек. Батырдың туған күні музейінің жанындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою жылдағы берік дәстүр. Оның жылда өз жалғасын табуы Мәлік Ғабдуллин есімінің өз халқының жүрегінде мәңгі жасайтындығының айқын бір дәлелі.
  «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар