Спорт біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып саналады. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін марапаттау, спорттық дәрежелер мен атақтар беру жүйесі байыптылықпен жүзеге асырылуда. Мұндай шараның спорттық нәтижелерді арттыруға, спорттық резервті даярлау сапасын жақсарту мен жастардың күш-қуатын толықтыруға септігі тиетіні сөзсіз.
Спорттық атақтар мен дәрежелер беру тәртібі барлық спорт түрлеріне тән. Спортшыларға «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», бірінші, екінші және үшінші спорттық разрядтар мен 1, 2, 3 жасөспірім разрядтары сияқты атақтар мен разрядтар беру қарастырылған.
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін 550 мемлекеттік қызмет көрсете алды, оның ішінде 404 спортшыға Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, 148 спортшыға бірінші спорттық разряд, жаттықтырушы-оқытушыға 19 санат, ал 11-іне
төреші санаттары берілді.
«Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атақтары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі комитетімен беріледі.
Биылғы жылы Ақмола облысының 35 спортшысына Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы берілсе, 3 спортшы Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды (Вадим Казаков – бокс, Арман Сұлтанов – шаңғы жарысы, Илья Дик – каратэ-до). Бұл мәліметтердің барлығы статистика ғана емес, ол біздің спортшыларымыздың халықаралық аренадағы жетістіктерін айғақтайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №118 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес екі мемлекеттік қызметке облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары жауапты болады.
Екі мемлекеттік қызметтің біреуін қалалар мен аудандардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері ұсынады. Бұл – «Спорттық дәрежелер мен разрядтар беру: екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші жасөспірім разрядтары, екінші дәрежелі жоғары және орта деңгейлі жаттықтырушы, екінші дәрежелі жоғары деңгейдегі нұсқаушы-спортшы, екінші дәрежелі жоғары және орта деңгейлі әдіскер, спорт төрешісі».
Екінші мемлекеттік қызметті «Спорттық дәрежелер мен разрядтар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, бірінші дәрежелі жоғары және орта деңгейлі жаттықтырушы, бірінші дәрежелі жоғары деңгейдегі нұсқаушы-спортшы, бірінші дәрежелі жоғары және орта деңгейлі әдіскер, бірінші дәрежелі спорт төрешісі» атақтарын облыстық спорт басқармасы ұсынады.
Жаттықтырушы-оқытушылар, әдіскерлер, спортшылар, спорт жөніндегі төрешілер қызмет алушылар болып табылады. Дене шынықтыру және спорт саласындағы жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер «Халыққа қызмет көрсету орталықтарында» тегін ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтің сапалы ұсынылуы мен ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында дене шынықтыру және спорт басқармасы «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» мамандарымен түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Ағымдағы жылдың қазан айында Краснояр ауылындағы №1, 2 ХҚКО «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы» тақырыбында үш семинар өтті.
Облыс халқын ақпараттандыру үшін Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы сайтында www.tursport.akmol.kz мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша мәліметтер жарияланған.
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестер анықтамалығында дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынатын әр мемлекеттік қызмет бойынша көрнекі сұлбалар берілген.
Құрметті ақмолалықтар, егер сіз салауатты өмір салтын ұстансаңыз, таңдаған спорт түрі бойынша нәтижелерге қол жеткіземін десеңіз сіздерді қалалық және облыстық жарыстарға қатысуға шақырамыз. Болашақта көрсеткен нәтижелерге сай спорттық атақтар алудың мүмкіндіктері болатындығын еске саламыз. Бұқаралық-спорт шаралардың күнтізбелік жоспары Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының www.tursport.akmol.kz сайтында орналасқан. Толық ақпаратты келесі телефондар арқылы ала аласыздар: 8 (716-2) 76-34-27, 76-33-76, 76-21-65.
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.