Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ынтымақтастыққа оң қадам - АРҚА АЖАРЫ

Ынтымақтастыққа оң қадам

Жақында Зеренді аудандық әкімдігінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров пен аудан әкімі  Қанат Әлібеков  ынтымақтастық туралы ме-морандумға қол қойды.

Аудан әкімі Қанат Әлібеков өз сөзінде жастар еліміздің болашағы екендігін айта келе, олардың сапалы білім және саналы тәрбие алуына аталған университет ұжымының сүбелі үлес қосып отырғандығына сүйсініс білдірді. Өткен жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауданға жолдамамен 21 жас маман келген көрінеді. Аудан тарапынан оларға 71 миллион теңге көлемінде көмек жасалыпты. Болашақта жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету үрдісі жалғаса түсетін көрінеді.

Жиында сөз алған университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров бұл меморандумның университет тарихында тұңғыш рет қолға алынып отырғандығын жеткізді. Осы келісім-шарт негізінде Зеренді ауданының  студенттері, барлық студент жастар сияқты одан әрі де   көмек-қолдауға ие болмақшы.  Меморандумда аудан әкімінің гранты, тағылымдамадан өту, оқуды аяқтаған соң  жұмыспен қамтамасыз ету сынды мәселелер жан-жақты қарастырылған. Қазіргі уақытта университетте бұл ауданнан 150-ден аса студент білім алуда. Ал, аудан мен осы орайда, өзара ынтымақты қарым-қатынас орнату еңбек нарығына сай мамандарды даярлауда үлкен сеп болмақ.
Келесі болып сөз алған Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құр-метті қызметкері Тыныштық Ахметова меморандумның нәтижелі істерге бас-тайтынына сенім білдірді. Бұл бастама негізінде аудан мен университет арасында тығыз қарым-қатынас орнатылатыны айқын.
Университеттің  тәрбие  жұмыстары жөніндегі проректоры Аманай Сейітқасымов та өз сөзінде бұл бастаманың университет үшін үлкен оқиға екенін айта келіп, оқу орнына аудан әкімінің көрсеткен қолдауына  ризашылығын білдірді. Халқымыздың біртуар перзенті Мәлік Ғабдуллин  сияқты дүлдүлдеріміз  дүниеге келген ауданмен тығыз қарым-қатынас орнату оқу орны үшін де үлкен мәртебе екендігі даусыз. Сондай-ақ, меморандум аясында мамандар даярлауға жете көңіл бөлу кейбір мамандықтар бойынша кадрлар тапшылығын болдырмауға игі ықпалын тигізетініне де назар аударылды.
Бұдан кейін №2 Зеренді орта мектебінде «Университет күні» ұйымдастырылды. Аталмыш шараның негізгі мақсаты оқу орнында оқытылатын кәсіптік мамандықтарды насихаттау болып табылады. Жиында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жетекшісі Сәуле Сүлейменова сөз алып, алдағы мектеп түлектері үшін мұның маңызы зор екенін атап көрсетсе, университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Айгүл Жақыпова  білім ордасы туралы кеңінен әңгіме өрбітті.
Жиынға қатысушылар өнерпаз студенттердің концерті мен болашақ университет қабырғасындағы  дизайншылардың туындыларын тамашалады.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар