Жер телімдерін заңсыз иеленген

2000-шы жылдың басынан Елорданың қарқынды дамуы және Астана мен оның іргесіндегі елді мекендер тұрғындары санының артуына байланысты халықты тұрғын үймен қамту өзекті мәселеге айналып отыр.

Бүгінге дейін жеке және заңды тұлғалар тарапынан жер заңнамасының сақталмауы жиі орын алып отыр.  Мәселен, Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2007 жылдан бері жер телімдерін өз беттерінше иеленудің 167 оқиғасы тіркелді. Мұндай жердің көлемі 23,9 гектарды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі жер телімі 12,3 және жеке тұлғалардың жері 11,6 гектарды құрайды.
Облыс әкімі Сергей Кулагин құқық қорғау органдары өкілдерімен бірге Қоянды ауылындағы заңсыз жер иелену мәселесі бойынша бірнеше мәрте кеңес өткізді. Заңсыз жер иеленген субъектілермен түсінік жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік жерді заңсыз иелену фактілерін зерттеу, сондай-ақ, жер инспекциясы мен мемлекеттік сәулеттік-құрылыстық органдарының тексеру шараларын өткізу барысында құрылыс салуға рұқсат ететін ешқандай хаты, жер телімінің заңды құжаттары болмай шықты. Құрылыс сәулеттік, құрылыстық, санитарлық, өртке қарсы нормалар мен ережелер мүлде ескерілмеген. Сондай-ақ, кейбір заңсыз иеленген субъектілерде облыстың өзге өңірлерінде  жылжымайтын мүлікке деген құқы бары анықталды. Мәселен, Даңғынұр есімді азамат 2010 жылы «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Көкшетау қаласынан пәтер алса, Серік Шолпан «Сарыарқа Табыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерінен заңсыз жер телімін иеленіп, Целиноград ауданының Қоянды ауылынан жер телімін сатып алған көрінеді. Р.Нұралинаның жерінен жер телімін заңсыз иемденген Даутай Жарқынның Бурабай ауданына қарасты Атамекен ауылында 2 пәтерінің бары анықталды. Заңсыз құрылыс жүргізген тұлғалар тиісті аумақтық өкілетті органдармен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, одан әрі құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайтыны жөнінде түсінік берілді.
2008-2014 жылдары Целиноград аудандық соты Қоянды ауылдық округі әкімінің өтініші бойынша заңсыз салынған құрылысты бұзу жөнінде 66 сот шешімін шығарса, әлі де 6 өтініш соттың қарауында жатыр. Биылғы жылдың 14 қазанында аудандық атқарушы органның күшімен Қоянды селолық округінде салынған құрылыстың іргетасы мен адамдар тұрмайтын уақытша сарайлары бұзылды. Ауданның жергілікті атқарушы органдары ішкі істер органдарымен бірге рейдтік шараларды жүргізу кезінде Шнейдер, Аякөз Азнабаева мен Алмагүл Сунгавайдың заңсыз жер сатқандары анықталып, сот алдында жауап беретін болады.

Алмагүл ҚАДЫРАЛИНА,
облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар