«Грация» – үздік би ұжымы

«Степногорск жастары» қоғамдық қорының және қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Мирас» мәдениет үйінде жастардың би ұжымдарының бірінші қалалық байқауы болып өтті.

Сайысқа қала мектептері мен жақын маңдағы ауылдардан тоғыз би ұжымы қатысып, сынға түсті. Байқау екі кезеңнен тұрды. Олар кез-келген хореографиялық жанрда алдын ала дайындалған биді орындап, белгілі бір әуен ырғағында импровизациялық қабілеттерін  көрсетті. Халықтық, заманауи, хип-хоп, эстрадалық би орындаушыларының шеберлігіне көрермен қауым тәнті болды. Өнерпаздардың киімдері мен декорациялық қойылымдары қазылардың көңілінен шықты. Сондай-ақ, олар қатысушылардың сахналық шеберлігіне, би орындау мәдениетіне, қойылымның бірегейлігіне ерекше мән берді.
Байқау қорытындысы бойынша өнер ұжымдары «Спорт-dance», «Фольклор-dance», «Dance-time» аталымдары бойынша марапатталды. Қарабұлақ ауылындағы орта мектептің «Фристайл» би ұжымы үшінші жүлдегер атанса, екінші орынға орталық мәдениет үйінің «Радуга», «Горняк» би ансамбльдері ие болды. Ал, қалалық №7 орта мектебінің «Грация» би ұжымы жеңімпаз атанды. Қазылар алқасы аталмыш ұжымның хореографиялық деңгейі мен орындау шеберлігіне жоғары баға берді. «Грация» ұжымының «Эйфория» биін көрермен қауым зейін қоя тамашалады. Бұл жеңіс аталмыш би ұжымының жетекшісі 10 сынып оқушысы Екатерина Крючковаға да тиесілі екенін айта кету ләзім.
Сайыс соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, кубоктарға ие болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар