«Алтын сападан» үміткер

Бүгінгі күні бизнесте бәсекеге қабілеттіліктің басты өлшемі – сапа болып табылады. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы еліміздегі сапа саласындағы жүлделердің ең үздігі саналады. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміз осы сыйлыққа лайықты шаруашылықтардың бірі Атбасар ауданындағы «Сочинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы болмақшы.

«Алтын сапа» – өндірістегі жетістіктер үшін берілетін ұлттық награда, Елбасы сыйлығы. Елбасы бұл сыйлықты өз қолымен ұсынады, сонымен қатар ол жүлде Мемлекет басшысының жеке бақылауы мен қамқорлығында болады. Еліміз өнім сапасын жылдан-жылға арттыруға ерекше ықылас танытып отыр. 2006 жылы Президент арнайы тағайындаған бұл сыйлық Қазақстан нарығын отандық жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi өнімдермен қамтамасыз етуді мақсат тұтады. «Алтын сапа» байқауына биыл 8 жыл толып отыр. Байқау 2009 жылдан бастап қазіргі заманғы менеджменттің даму тенденцияларын ескеретін және сапа бойынша Еуропа сыйлығы үлгісімен үйлестірілген жаңа үлгі бойынша өткізіледі. Үлгіде сапа саласына басшылықтың лидерлік рөлін, ұйымның саясаты мен стратегиясын сипаттайтын көрсеткіштердің маңызы, тұтынушылардың өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттану көрсеткіші күшейтілген. Яғни, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы кәсіпорынның өнім шығару немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін беріледі.
 Бұл жүлдеден біздің облысымыз да кенде емес. Шалғай ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген серіктестіктер баршылық. Соңын бірі жоғарыда атап өткен «Сочинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дер едік. Серіктестік басшысы Валерий Гофманның сөзіне қарағанда, сочиліктер биылғы егін орағын айналасы 24 күннің ішінде аяқтап шықты. Қазіргі заманғы техника мен  технологияларды қолданудың арқасында диқандар әр гектардан 13,1 центнерден өнім алып, 36 мың тонна  жоғары сапалы астық жинап отыр.
–Биылғы жылдың жауын-шашыны астық жинау үшін қиынға соқты. Соған қарамастан, озық технологияның арқасында 3 мың тонна сапалы тұқым құйып алдық. Мұндағы тұқымдар «Каз-
агрэкс» акционерлік қоғамының зертханасында толық тексеріліп, І класс талаптарына сәйкес келіп отыр, – дейді Валерий Гофман.
Осы орайда,  серіктестік басшысы «Алтын сапа» жүлдесінің елімізде ғана емес, әлемдік нарықта отандық тауарлар мен қызметтерді жылжытуда маңызы өте зор деп отыр.
– Осынау байқауға қатысып, мәртебелі сыйлықты жеңіп алу кез-келген басшы мен ұжым үшін үлкен абырой. Бұл жүлде жеңімпаздарды жігерлендіре түседі. Биылғы байқауға біздің облыстан бірқатар кәсіпорындар мен шаруашылықтар қатысты. Ал, «Сочинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келсек, алдағы уақытта осынау байқаудан көрініп қалуы ғажап емес. Ол үшін әрине, көп тер төгіп, жұмыс істеуіміз қажет,–дейді серіктестік басшысы.
Биыл тұңғыш рет «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» сапа байқауларында жеңіске жеткен қатысушыларға сыйлық эмблемасын жарнама мақсатында 4 жыл бойы пайдалану құқын алуға мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар, «Алтын сапа» байқауының жеңімпаздары Қазақстан атынан халықаралық, соның ішінде ТМД аумағындағы сайыстарға қатыса алады.
Ал, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында жеңіске жеткен қатысушылар ТМД атынан Еуразиялық сапа сыйлығы байқауына қатысатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар