Инвесторлар ынта білдірді

Облыс әкімі Сергей Кулагин канадалық инвес-тор, «DGH Engineering» компаниясының басшысы Дэнис Хадкинсонды қабылдады.

Қабылдау барысында құс фабрикасы мен шошқа кешені жөніндегі жобалардың бас менеджерлері Елдос Толқымбековпен және Руслан Кәкеновпен бірге осы құрылыстарды салудың жай-жапсары талқыланды.

Облыс әкімі өз сөзінде соңғы жылдары біздің өңірге келген инвесторлар жемісті еңбек етіп жатқандарын, инвесторды бастап келген «Агросоюз»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Шота Джахуташвилиге үлкен сенім артатынын атап өтті. Канадалық инвестор Зеренді ауданының Шағалалы ауылында жылына 12 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы мен 5 мың басқа арналған шошқа өсіретін кешен құрылысын жүргізуді көздеп отырғанын, бұл жобалардың өңірдің Индустрияландыру картасына енуінен үмітті екендерін жеткізді. Инвестор менеджмент жұмыстарының бәрін өз мойындарына алып отыр. Қазір жер  бөлу мәселесі шешілуде. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың көктемінде басталады деп көзделуде.
Нысандар 2016 жылы пайдалануға берілгенде 300 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын көрінеді. Бұл бағытта ауданда тәжірибесі мол мамандар жеткілікті. Облыс басшысы Қытай мен Ресейге ет экспорттауды көздеп отырған инвесторлардың назарын астананың азық-түлік белдеуіне аударды. Бүгінгі таңда біздің өңір елордалықтар тұтынатын еттің тек қана 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Шошқа етінің бағасы Ресейде тым арзан. Қазір Қазақстанда бұл ет аз мөлшерде өндіріледі. Соның салдарынан шұжық дайындайтын ет комбинаттары толық қуатында жұмыс істей алмауда.  Облыс әкімі өз сөзінде шетелдік және жергілікті инвесторлардың заң аясында жұмыс істеп, қоршаған ортаға залал келтірмеулерін тапсырды. Сондай-ақ, ол атаулы құрылыс жұмыстарының барысын өз қадағалауына алатынын жеткізіп, инвесторлардың қадамына сәттілік тіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар