Зерттеліп отырады

Барлық  елдерге тән болып келетін халықтың әл-ауқатын талдау барысында үй шаруашылықтарын зерттеу арқылы біршама ақпарат алуға болады.

Қазақстанда бюджеттік зерттеу жүргізу статистикасы КСРО құрамына кірген кезеңнен бастап қолға алынды. Ал,  тәуелсіздік  жылдарында үй шаруашылықтарына есеп-қисап жүргізу жаңа деңгейге көтерілді.

1991-1995 жылдар аралығында үй шаруашылықтарын тұрақты зерттеудің республикалық желісі  жұмысшы, колхозшы, интеллигенция   өкілдері, зейнеткерлер қағидатымен  қалыптастырылды. 2001 жылға дейін халықтың ақшалай табыстарының жəне шығыстарының баланстық жүйесін есепке алу жүзеге асырылды. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін бұл қағидат шындыққа сəйкес келмей қалды, табыстың көптеген көздерін есепке алуды қамтамасыз ете алмады.
Сөйтіп, 2001 жылдың қаңтар айынан бастап үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасында жаңа Әлемдік Банк нұсқауларын және халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, жұмыстың жаңа әдістеріне көшу жүзеге асырылды. Содан бергі уақытта республика аумағында 12000 үй шаруашылығы зерттелсе, Ақмола облысы аумағында 840 үй шаруашылығы қамтылды. Деректерді жинас-тыру, іріктеу барысындағы үй шаруашылықтарын сұрастыру арқылы жүзеге асырылуда. Табыс пен шығыс, азық-түлік өнімдерін тұтыну деңгейі, кедейшілік көрсеткіші, халықтың табысын саралау және тағы басқа да  мәліметтерді зерттеуден алынған жинақтық  материалдар халықтың өмір сүру деңгейінің әлеуметтік-экономикалық индикаторларын алуға пайдаланылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар