Күштілер қатарында аталды

Тараз қаласында бокстан Қазақстан біріншілігінің ақтық сайыстары өтіп, 10 салмақ дәрежесінде ел чемпиондары анықталды.

Финалдық бәсекеде жарыс қожайындары – Жамбыл облысының былғары қолғап шеберлері 3 алтын медаль олжалады. Астана қаласы, Ақмола мен Алматы облысы құрамаларының еншісіне екі алтын жүлдеден бұйырса, Оңтүстік Қазақстан облысының командасы бір мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Біздің өңірден ақтық сынға төрт былғары қолғап шебері жолдама алған еді. Өкінішке орай, 81 келіге дейінгі жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен Нұрдәулет Жарманов Алматы облысының өкілі Арман Рысбекке 1:2 есебімен есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. 56 келі салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасқан біздің Нұрсұлтан Қосшығұлов та сәтсіздікке ұшырады. Бұл жекпе-жек тартысты өткенімен, төрешілер жеңісті жамбылдық боксшы Алмас Жақыповқа берді.
Осынау олқылықтың орнын 49 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов (суретте)толықтырды. Бұл кездесуде ол Оңтүстік Қазақстан облысының атынан сынға түскен Жомарт Ержанды 3:0 есебімен жеңіп, ел чемпионы атанды. Оның жеңісті жолын 91 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз Алмат Серімов жалғастырды. Оның қарсыласы Оңтүстік Қазақстан облысының боксшысы Асқар Абдолаев болатын.
Сөйтіп, 2014 жылғы Қазақстан Республикасының біріншілігінен облыс құрамасы 2 алтын және 2 күміс медальмен оралды.   
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар