Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс өлшемі – халықтың бағасы - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс өлшемі – халықтың бағасы

Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру – мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың маңызды мәселелерінің бірі. Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларында біздің  алдымызға Қазақстанның жаңа, әрі сапалы құқықтық жүйесін құру,  сол арқылы криминогендік ахуалдың тұрақтылығына, халық пен полицияның арасындағы өзара қарым-қатынасты жетілдіруге ықпал ету міндетін қойып отыр. Бұл бағыттағы жұмысты жүзеге асыруда кадрлық саясатқа басымдылық беріледі.

Ішкі істер органдарында кадрлық саясаттың жүйелі жүргізілуі қоғамда болып жатқан түрлі процестерге, ішкі және сыртқы факторларға тікелей байланысты.   Құқық қорғаушылық қызметке ең жоғары талаптар бұрын да қойылған, әлі де қойылуда, әрі қарай да қойыла беретін болады. Өйткені, ол − үнемі азаматтардың мәселелерімен бетпе-бет келетін және олардың қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз ететін саланың өкілі. Полиция жұмысының нәтижесі − бұл ішкі істер органдарының сауатты  кадрлық саясатының, тәртіп сақшыларының өздеріне  қойылатын барлық талаптардың үдесінен шыға білуінің жемісі. Біз сала қызметкерлерінен азаматтармен жылы шырайда  қарым-қатынас жасап, оның құқықтары мен бостандығын кәсіби деңгейде қорғай білуді талап етеміз.  Осы орайда, мен өңір тұрғындарының да аймақтағы криминогендік ахуалды тұрақтандыру бағытында  құқық қорғаушылардың тынымсыз жасап жүрген еселі еңбектерін тиісті деңгейде бағалай білетіндіктеріне  сенімдімін. 
Күн сайын кадр аппаратының қызметкерлері жеке құрамды іріктеу, орналастыру, үйрету және оқытумен, тұрақты, жоғары кәсіби кадрлық ортаны құрумен байланысты кешенді мәселелерді шешеді. Жұмысымыздың жаңа бағыты – қызметкердің кәсіби және моральдық-этикалық қасиеттерін шыңдау, ішкі істер органдары жүйесінің кадрлық қамтамасыз етілу сапасын жақсарту болып табылады. Соңғы уақытта біздің жүйенің айтарлықтай реформаны бастан кешіп жатқандығы белгілі. Міне, дәл осы жағдайда кадр қызметіне артылар жауапкершілік жүгі еселей түседі.  Қазір ішкі істер органдарының қызметіндегі басымдықтың өзгеруіне сәйкес, қызметтер тізілімі қайта қаралуда.
Бүгінгі таңда полиция кадрлары көбіне  жас қызметкерлер. Облыстық ішкі істер департаментіне қарасты құрылымдарда жұмыс істейтіндердің де жартысына жуығы 35 жасқа дейінгілер. Соңғы бес жылда бізге  үш жүзден астам жаңа қызметкер жұмысқа орналасты. Қазір жастар барлық негізгі қызметтерде, соның ішінде жол-патрульдік, жедел, тергеу, анықтау құрылымдары мен арнайы құрылымдарда еңбек етіп жатыр. Жас қызметкерлердің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі – жүйеге әлеуметтік-психологиялық бейімделу болып табылады. Біз үшін маңыздысы − қызметкерді жұмысқа қабылдау ғана емес, сонымен қатар, ол өзінің алдына қойылған міндеттерді дұрыс орындауы үшін оған барлық жағдайларды жасау. Бұл тұрғыдан алғанда, ұжымдағы моральды-психологиялық ахуал үлкен рөл атқарады. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу үшін бізде  ардагерлер кеңесі, офицерлер мен полицейлер жиналыстары сияқты әртүрлі қоғамдық құрылымдар құрылған. Жыл басынан бері олардың 22 жиыны  өткізілді.
Кадр жүйесі басшылардың жеке құраммен жеке тәрбие жұмысы күнделігін жүргізулерін үнемі қадағалап отырады. Бізде қызметкерлермен жеке әңгімелесулерді жүргізуге, олардың тұрмыстық жағдайларын ұдайы  тексеріп отыруға, жас мамандардың жұмыстарына тәжірибелік көмек көрсетуге ерекше назар аударылады. Бұл ретте аға әріптестердің көмегі зор.  Жас қызметкердің өз ортасына сіңіп, кәсібін барынша меңгере білуі  көбіне оның жанында жұмыс істейтіндерге тікелей байланысты, яғни, тәлімгерлердің рөлі ерекше деген сөз.  Өздерінің ізін басқан жастармен  күн сайын тікелей қарым-қатынаста жүріп, олар жеке тәртіптерімен қамқорлығындағыларға үлгі көрсетеді. Кейінгі буынға  білімі мен тәжірибесін ғана беріп қоймай, олардың өзін жан-жақты көрсетуге деген талпынысын да оятады.  Ереженің қатаң әрі мүлтіксіз сақталуы  ұжымда беделі жоғары және өз ісін жетік білетін қызметкерлердің көп болуымен байланысты.   Сондықтан, тәлімгерлік жақсы жолға қойылған құрылымда жастар өз  ұжымдарына тез бейімделе алады. Біз  өз ісін енді ғана бастаған полицейлерге жақсы үлгі көрсете білсек, олар да өз кезегінде   Антқа, қызметтік және әскери борышына деген адалдығымен ерекшеленетін болады.
Осы орайда, сол үздіктерді іріктеп, кадр резервін қалыптастырудың маңызы зор. Ол шынайы және ашық талаптар бойынша барынша дайындалған, білімді, іскер, яғни, сол қызметке нағыз лайықты адамдарды таңдап, басшылық лауазымдарға жылжытуға мүмкіндік береді. Жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге әлеуеті мол жетекшілерді тағайындауға жол ашады.  Біз бұл істі барынша жетілдіруге мүдделіміз, себебі, басқармалар мен қызметтердің жұмыс тиімділігі ол жерде болашақта қандай кадрлардың жұмыс істейтіндігіне тікелей тәуелді. Бүгінгі таңда облыста ұйымдастырушылық қабілеттері мен кәсіби білімі жоғары екі жүзден астам қызметкер резервте тұр. Басшылар мен жеке құрамды аттестаттаудан өткізу институты да жетілдірілген. Ол − іріктеу сапасын арттырып, лауазымды қызметке әділетті тағайындауды қамтамасыз етудің төте жолы іспеттес.
Біздің кадрлардың кәсіби дайындығының деңгейімен байланысты жағдайлар жіті назарымызда. Полиция қызметкерлерінің табысты өсуі, кәсіби жағынан жоғарылауы – алға қойған басты міндетіміз болса, оның ойдағыдай іске асуы құқық қорғаушылардың өзін-өзі дамытуға, кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге  деген талпынысына тікелей байланысты. Ішкі істер органдарында қызмет атқару − сала қызметкерінің мемлекет пен қоғам алдындағы ерекше жауапкершілігінен туындайтын моральды және кәсіби-этикалық келбетіне жоғары талаптарды қояды.  Ал, біздің басты мақсат – осы үдеден шыға білу.
  
Елкебек ӘУБӘКІРОВ,
облыстық ішкі істер департаменті  кадр жұмысы басқармасының басшысы,
полиция майоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар