Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жетістіктер де, олқылықтар да бар - АРҚА АЖАРЫ

Жетістіктер де, олқылықтар да бар

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде өңірдің биылғы жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қаралды.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячек, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың, ұлттық компаниялардың басшылары, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан шарада облыс әкімі жыл қорытындысына санаулы күндер қалғанын, осы орайда, салалар бойынша есеп беретіндіктерін басшылардың есіне салды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров хабарлама жасады. Он бір айда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 232,5 миллиард теңгені, нақты көлемнің индексі 102,9 пайызды құрапты. Ал, жыл қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіш 104 пайыз көрінеді. Мал басы мен құс санының, сондай-ақ, мал шаруашылығының барлық өнім түрлерінің артуы осы салада нақты көлем индексінің өсуіне ықпал етіп отыр. Бұл бағытта Ақкөл, Жақсы және Қорғалжын аудандарының жұмысы көңіл көншітпейді.
Өңірдің өнеркәсіп саларында 266 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, оның нақты көлемінің индексі 105,6 пайызды құрады. Дегенмен, бұл көрсеткіштер Ақкөл, Аршалы, Еңбекшілдер, Атбасар, Целиноград, Жарқайың, Ерейментау аудандары мен Көкшетау қаласында төмен. Алтын, ұн, резина мен пластмастан жасалған бұйымдар, кірпіш өндірісін арттыру есебінен көзделген көрсеткіштің орындалатын түрі бар. «Степногор подшипник зауыты», «КамАЗ-Инжиниринг», «КазШпал» акционерлік қоғамдары мен «Агример-Астық», «Он Олжа» серіктестіктері өздері өндіретін өнім көлемін азайтып жіберген көрінеді. Осы орайда, облыс басшысы әр ірі кәсіпорындарды бақылауда ұстауды тиісті басқармалар мен қала және аудан әкімдеріне шегелеп тапсырды.
Өнімнің қосымша көлемін Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында пайдалануға берілген өндірістік қуаты зор кәсіпорындар өндіруге тиісті. Дегенмен, бағдарламаның 46 жобасы көзделген қуатына жете алмай отыр. Бұл бағытта облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қала мен аудан әкімдерімен бірге осы жұмыстарды жандандыру қажеттілігі айтылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі артыпты. Ал,  Бұланды, Зеренді, Жарқайың, Ақкөл, Атбасар, Астрахан және Еңбекшілдер аудандары межеленген көрсеткіштен көріне алмай отыр. Облыс әкімі соңғы екі аптада көзделген барлық нысандарды пайдалануға беруді, бұл көрсеткіш барлық облыстық басқармалардың, қала мен аудан әкімдерінің бақылауында болуын қатаң тапсырды.
Бөлшекті тауар айналымының көлемі 116,5 пайызды құрапты. Осы көрсеткішті Жақсы, Жарқайың, Атбасар, Астрахан және Егіндікөл аудандары орындай алмайды-ау деген қауіп бар. Бұл өңір көрсеткішіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Көлік және байланыс қызметтерінің көрсеткіші 9 айдың ішінде орындалған көрінеді.
Негізгі капиталға құйылатын инвес-тиция көлеміне қол жеткізілгенімен, Көкшетау, Степногорск қалалары және Бұланды, Астрахан, Зеренді, Бурабай, Жарқайың, Жақсы, Қорғалжын аудандары көрсеткіштерін төмендетіп алды. Тұрғын үй салу мәселесі де көңіл көншітпейді. Шағын және орта бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны азайып кеткен. Бұл олқылықтардың орнын толтыру жөнінде облыс әкімі тиісті басшыларға тапсырма берді.
Тұтынушылар бағасының индексі республикалық деңгейде көрінеді. Жыл қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейі 107,5 пайыздан аспайды деп күтілуде. Алдағы желтоқсан мерекелеріне байланысты тиісті органдар қала және аудан әкімдерімен бірге ет, балық, кондитерлік өнім, көкөніс пен жеміс сияқты азық-түлік тағамдары бағасының мониторингісі бойынша жұмысты жандандыру қажеттігі жөнінде  тапсырма берілді. Шара барысында жұмыссыздық деңгейі, еңбек нарығы, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және жаңа үлгідегі кабинеттермен қамту, ана мен бала өлімі, туу көрсеткіші,
туберкулез, қан айналымы аурулары және кірістер мен еңбек ақы жөнінде кеңінен сөз болды.
Кеңес жұмысын қорытындылаған өңір басшысы Сергей Кулагин тиісті басшыларға нан, ет, май сияқты өзге де күнделікті тұтынатын азық-түлік тағамдары мен жанар-жағар майдың бағасын бақылауда ұстауды шегелеп тапсырды. Баға саясатын дұрыс жүргізбеген астық қабылдайтын ұлттық компанияның өкілдігін сынға алды.
Аудан әкімдеріне диқандар алған несиені тез арада қайтаруды тапсырды. Алдағы мерекелер бойы барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда кезекшілік ұйымдастыруды міндеттеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар