Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
жайлаулықтар «Мереймен» мерейленді - АРҚА АЖАРЫ

жайлаулықтар «Мереймен» мерейленді

Облыс әкімі Сергей Кулагин Тәуелсіздік күні мерекесі алдында Көкшетау қаласындағы Жайлау шағын ауданында 240 орындық «Мерей» бала бақшасының ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын қысқартуды баса айтып өткен еді. Қазіргі таңда 1-ден 3 жасқа дейін, сондай-ақ, 3-6 жас аралығындағы балаларды бала бақшамен қамтамасыз ету қиынға соғуда. Бүгінгі таңда 24 мың бала кезекте тұр. Оның 45 пайызы Көкшетау қаласына тиесілі. Жаңадан бала бақшалар салып, мүмкіндігіміз келгенше ескілерін жөндеуден өткізу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, –  деп атап өтті өз сөзінде облыс әкімі Сергей Кулагин.
Бала бақшаның ішін аралап көрген облыс әкімі оң бағасын берді. Бүлдіршіндерге сыйлыққа электропианиноны тарту етті.
«Балапан» бағдарламасының аясында салынған мекемедегі 12 топта 3-тен 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленетін болады. Оның ішінде психикалық даму кемістігі бар бүлдіршіндерге арналған екі коррекциялық топ бар. 240 орындық бала бақшада 40 адам жұмыспен қамтылып отыр. Балабақшаның іші кең, әрі жарық, әрі жылы, толықтай заманауи құралдармен жабдықталыпты. Жатын және ойын бөлмелері әсем безендірілген. Музыка, спорт және салтанат залдары, қазақ, ағылшын тілі және психолог, логопед, физиокабинеттер де асқан талғампаздықпен жасалған. Айта кетер болсақ, облыстық бюджеттен 630 миллион теңге бөлініп, «Модуль-2030» серіктестігі құрылыс жұмыстарын жүргізген.
Заманауи үлгіде салынған мектепке дейінгі мекемеге қонақтар мен ата-аналардың да көңілі толды. Жәнжу Секерова немересі Олжасты жаңадан ашылған балабақшаға өзі ертіп әкелгенін айтып, қуанышымен бөлісті. Сондай-ақ, басшылыққа зор ризашылығын білдіріп, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде елімізде барлық жағдай жасалып жатқанын зор мақтанышпен атап өтті.
Балдай тәтті бүлдіршіндер әсем әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар