Шебер қолдың өрнегі

Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанынан құрылған халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығының көрмесі ашылды.

Облыстық ассамблеяның бір қанаты ретінде жұмыс істеп келе жатқан қауымдастықтың төрайымы Людмила Яроцкаяның айтуынша, өнер ұлт пен тіл таңдамайды. Сондықтан да, халықтар арасындағы достықты және татулықты берік ете түсу үшін рухани тұтастық, бауырластық идеясын тиімді пайдаланған жөн. Ал, осы жұмыстарды жүргізудің басты жолы – өнер шеберлерінің басын біріктіру болып табылады. Зергер, ұста, тоқымашылар, суретшілер мен мүсіншілердің әрқайсысы бейбітшілік пен келісім идеясын өздерінше өрнектеп келеді.
Бұл көрмеге түрлі халықаралық, республикалық байқауларда  көзге түскен және шығармашылық әлеміне енді ғана бойлаған жиырма алты өнер иесінің  теріден, мата мен тоқыма жіптерден және ағаштан жасалған түрлі бұйымдары қойылған. Оларды сатып алып, жаңа жылдық сыйлық ретінде тарту етуге де болады. Ең бастысы, олардың бәрі шеберлердің қолдарынан шыққан әрі бірін-бірі қайталамайтын туындылар. Он тоғызыншы желтоқсаннан басталған көрме тура бір ай бойы демалыс күндерінсіз жұмыс істейтін болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар