Тәуелсіздікті сақтау – ұрпақтар парызы

Сұхбат барысында «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Жайнагүл Төлемісова достық, елдік, бірлік, тәуелсіздік, еңбек тақырыбын қозғап, оған Елбасы тұшымды жауап берді. Осы орайда, Президент «Тәуелсіздік алу бар, оны сақтап қалу бар. Тәуелсіздікті алудан тәуелсіздікті сақтап қалу қиын» деген ойын айтты.

Шынымен де, бұл заманда қолда бар алтынның қадірін білмесең, оған сұқтанып, қол салатын жандар баршылық. Әр ел өз жағдайына қарай әдіс-амалын жасайды. Ұлы Отан соғысының ардагері болғандықтан,тәуелсіздік ұғымын өз басым  айқын түсінемін. Оған жету үшін еліміз қандай қиын-қыстау кезеңнен өткенін де көзбен көрдік.
Әріден айтатын болсам, елді, жерді қорғау халқымыздың қанымызға сіңген, өршіл рухының бір көрінісі іспеттес. Батыр бабаларымыздың есімдері аңыз-әңгімелер, нақты деректер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыр. Ұлы Отан соғысы кезінде де талай қазақ азаматы шайқас алаңында ерліктерімен көзге түсіп, есімдері тарих бетінде алтын әріптермен жазылды. Соның бәрі,  жеткіншектердің санасына құйып, тәуелсіздіктің баға жетпес қасиетін ұғындырып отыру  қажет деп білемін. Тарихты білмей алға жылжу қиын. Демек, қанмен, термен келген тәуелсіздікті еңбек арқылы жаңғыртып, өркениетті 30 мемлекеттің қатарына қосылу – парыз. Білімді, еңбекқор болсаң ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатынын естен шығармау қажет. Ұлттық мүдде әрдайым алда болып, әр азамат өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарса ғана мақсатымызға жетеміз. Елбасы сұхбатынан түйген бір ой осы.

Жақия ҚАНҒОЖИН,
Ұлы Отан соғысының ардагері.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар