Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Мәңгілік ел боламыз!» дейді бала жүрек - АРҚА АЖАРЫ

«Мәңгілік ел боламыз!» дейді бала жүрек

Көрікті Бурабай баурайындағы «RIXOS»  қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балаларға арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жаңа жылдық шыршасына қатысқан облыс әкімі  Сергей Кулагин жас бүлдіршіндерді алда келе жатқан жарқын мерекемен  құттықтап, оқуда озат, қоғамдық жұмыста алда  болуларына тілектестігін білдірді және Елбасы атынан әрқайсысын  толымды сыйлықтармен қуантты. 

Биыл бұл шара «Мәңгілік ел боламыз!» тақырыбымен өтті. Дарынды, өнерлі бүлдіршіндер мен ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған мерекеде алдымен кеш сәні – Жаңа жылдық шырша жағылды. Сән-салтанаты жарасқан зал төрінде орналасқан үлкен экраннан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев балаларды Жаңа жылмен құттықтағаннан кейін облыс әкімі Сергей Кулагин құттықтау сөз алды.
– Қымбатты балалар, сендер  біздің бақытымызсыңдар. Облысымызды республикаға ғана емес, сонымен қатар, басқа елдерге танытатын да өздерің. Жылқы жылында түрлі олимпиадалар мен спорт жарыстарына қатысып, биік белестерді бағындырғандарың еш ұмыт қалмайды. Алдағы Қой жылы да мол табыстарға жетулеріңе тілектеспін. Денсаулықтарың зор, ата-аналарың аман болсын. Білімнің кәусар бұлағынан сусындай беріңдер – деді өңір басшысы өз сөзінде.
Президенттің биылғы Жаңа жылдық шырша мерекесіне облыс аудандары мен қалаларынан 200-ден астам бала қатысты. Олардың ешқайсысы да сыйлықсыз қайтпады. Әр балаға арналып жасалған сыйлық қоржынынан бас киім, қысқы куртка мен ұялы телефондарды көре алдық. Мерекелік түрлі ойын-сауық киімдерін киген балалардың риясыз күлкісі мен ешбір алаңсыз көңіл күйлері кештің шырайын келтіргені анық. Аяз ата мен Ақша қардың қасында сауық құрған Аққала, қоян, жылқы мен қой сияқты кейіпкерлер бүлдіршіндерге түрлі ойындар ойнатып, би билетті. Барлық аудандардан келген балалар Жаңа жыл мерекесіне арнаған өнерлерін ұсынды.
– Мен Елбасының шырша мерекесін кішкентай кезімнен теледидардан ғана көріп келдім. Оны тамашалап отырғанда, анам маған: «егер жақсы оқитын болсаң, осындай жаңа жылдық шырша мейрамына сен де барасың» деп айтатын. Өкінішке орай, анам былтыр қайтыс болды. Бірақ, мен анамның жақсы оқы деген сөзін далада қалдырмай, мектепте озат оқушылардың қатарынан көрініп жүрмін. Сол үшін де осы шырша мерекесіне шақырылдым деп ойлаймын. Келе жатқан Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын, – деп өзінің жылы лебіздерін білдірді Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылынан келген Сабина Бурахан.
Облыстағы жетім балалар үйлерінен келген бүлдіршіндер арасында Вова Черновқа көзіміз түсті. Ол Ақкөл ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленеді екен. Мемлекеттік тілде жетік сөйлеп жүргеніне риза болып, әңгімеге тартқанымызда:
– Мен осы шырша мерекесіне келгеніме қуаныштымын. Жаңа жылды әрбір бала күтіп, Аяз атадан сыйлық алғысы келеді. Биыл мен Аяз атаға Елбасы шыршасына барғым келеді деп хат жазған едім. Сол арманым орындалды. Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын! – дей келе, әдемі бір өлең оқып берді.
Осынау балғын бүлдіршіндер асыға күтетін, шаттық пен қуанышқа толы Президент шыршасының басы-қасында облыстық білім, мәдениет, ішкі саясат басқармаларының өкілдері жүрді.
Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар