Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауға – жаңа әкім - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауға – жаңа әкім

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІІ сессиясының жұмысына қатысып, депутаттардан Көкшетау қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын қолдауды сұрады.

Қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, дауыс бергеннен соң облыс әкімінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды. Қала активіне жаңа басшыны таныстыра келе облыс әкімі:
– Менің бұл лауазымға таңдауым Ермек Маржықпаевқа түсті. Өйткені, оны  жақсы білемін. Бұған дейін екі ауданға басшылық жасады. Облыс әкімінің орынбасары қызметін де абыройлы атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеп, әжептәуір ысылды. Оның қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын өркендетуге қарым-қабілетінің жететініне  сенемін, – деді. Сондай-ақ, өңір басшысы қала бойынша атқарылуға тиісті келелі міндеттерге тоқталып, қала активін жаңа әкіммен ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды. Осы орайда, облыс орталығы болғаннан кейін Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық жағынан жедел дамуы қажеттілігі атап көрсетіліп, қаланы көркейтіп, кескін-келбетін жақсарту тұрғысындағы істер қоса сараланып өтті.
Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев өзіне көрсетілген зор сенім үшін облыс әкімі мен қалалық мәслихат депутаттарына алғысын айтып, сенімнен шыға білуге бар күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді. Сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рүстем Шериязданов пен қалалық  аурухананың бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаты Серік Кәкенов сөз сөйлеп, Көкшетау қаласының әкімі Ермек  Маржықпаевтың қызметіне табыс тіледі.

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев 1969 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. 1994 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педа-гогикалық институтын тарих пәні мұғалімі мамандығы, 2001 жылы «Тұран» университетін заңгер мамандығы, 2009 жылы Көкшетау университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласында   мектеп мұғалімі, бокстан жаттықтырушы болып бастады. 1994 жылдың қарашасынан бастап Щучинск қаласындағы «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры, одан әрі «Береке-Бурабай» ЖШС-інің бас директоры болды.
2008 жылдың тамызынан Аршалы ауданының әкімі, 2012 жылдың сәуірінен Зеренді ауданының әкімі, 2013 жылдың қыркүйегінен Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істеді. 2014 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Респуб-ликасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.
«Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар