Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жіті назар аудармай болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Жіті назар аудармай болмайды

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс-пен қамтылуы жөнінде дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге білім беру ұйымдарының басшылары, жұмыс берушілер, мүмкіндігі шектеулі жандар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл шараның мақсаты қамкөңіл жандардың тиісті білім алып, жұмыспен қамтылуы үшін барлық мүдделі құрылымдарды біріктіру әрі осы мәселеге қоғамның назарын аудару болып табылады.
Жиында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Евгений Шеленжек баяндама жасап, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Ол Елбасының Жолдауында айтылған мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін кеңінен әңгіме етті. Оның айтуынша, облыс бойынша 42 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында 22452 оқушы 94 мамандық түрі бойынша білім алуда.
Әлеуметтік серіктестік аясында кадр даярлауда өзара әріптестікті дамыту мақсатында облыстық білім басқармасы мен кәсіпорындар тарапынан келісім-шарт жасалған. Сондай-ақ, инклюзивті білімді дамыту мақсатында да нақты жұмыстар атқарылуда. Облыс бойынша 65 мектепте инклюзивті білім беруге барлық жағдай жасалып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптар қарастырылған.
Жалпы алғанда, 1652 бала инклюзивті біліммен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, облыстың білім беру мекемелерінде қамкөңіл балалардың жағдайын жасау мақсатында нақты іс-шаралар қолға алынуда. Ағымдағы жылы кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде әр түрлі мамандықтар бойынша 120 бала оқытылуда. «Бота» қайырымдылық қоры мен «Той дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан нақтылай көмек көрсетілетіні жиында нақты мысал ретінде айтылды.
 Дөңгелек үстелде облыстық білім басқармасының жанындағы облыстық білім берудегі мониторинг, жаңа технологиялар, ақпараттандыру және оқу-әдістемелік жұмыс орталығының әдіскері Марат Ыбыраев мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіби мамандық алып шығулары үшін тиісінше жағдай жасау жөнінде өз ой-пікірімен бөлісті. Ал, Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінде тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларға арналған инклюзивті білім беруді енгізу бойынша аталмыш колледждің бөлім меңгерушісі Марина Даутова атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ол қамкөңіл балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалғанын жеткізіп, инклюзивті білім беру бойынша биылғы жаңа оқу жылында 21 адам оқуға қабылданғанын айтты.
Сондай-ақ, оқушыларды өндірістік тәжірибеден өткізуде әріптестік серіктестік аясында «Той дастархан» серіктестігінің көмек-қолдауы ерекше екенін тілге тиек етті. Жиында мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі үшін қоғам тарапынан нақты көмек көрсетілуі тиіс екендігі сөз болды. Жиын соңында қойылған сауалдарға тұшымды жауап беріліп, бірқатар ұсыныстар қабылданды.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар