Алғашқы нәтижелер

«Динамо» базасында шаңғы спортынан облыс біріншілігі өткізіліп, алғашқы жеңімпаздардың есімдері анықталды.

Ересектер спринттік қашықтық бойынша классикалық тәсілмен жарысса, орта және кіші топтағылар эстафета бәсекесінде сынға түсті. Бұл жарыста облыс орталығының жасөспірім ұлдары мәре сызығын алдымен қиды. Бурабай және Сандықтау аудандарының өкілдері болса жүлдегерлер санатынан көрінді. Кіші топтағы балалар арасында сандықтаулықтар алда болды. Щучинскіліктер үшінші орынға табан тіреді. Жастары төмен қыздар бәсекесінде Көкшетау және Щучинск қалаларының шаңғышылары жүлдегер атанды. Ал, Щучинск қаласы, Сандықтау–Ерейментау және Зеренді аудандарының қыздары кезекті жарыс түрінде басқалардан озық нәтиже көрсетті.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар