Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аяқ доп та өнер, оны өркендету де келелі іс - АРҚА АЖАРЫ

Аяқ доп та өнер, оны өркендету де келелі іс

Кезінде аталарымыз: «Доп ойнаған тозар…» деп даналық айтып кеткенін білеміз. Бар өмірі малдың соңында болып, көшпенді тірлік кешкен дала қазағы үшін доп қуудың әбестік көрінетіні заңды құбылыс. Ал, қазіргі заман сол доп ойнаған елдердің де мерейі үстем екенін айғақтайды.

Себебі, бұл спорт түрі де өнердің бір айшықты көрінісі саналады. Бұған миллиондаған көрермен теледидар алдында отырып, әлем біріншіліктерін тамашалайтыны да дәлел бола алады. Қазақ баласы да бұл өнерден кенде қалмауы керек. Басқалармен тереземізді теңестіреміз десек, футбол ойыны арқылы бәсекеге түскеніміз жөн. Сондықтан да мен осы спорт түрін таңдап, кішкентай кезімнен жаттығып келемін.
Мен бүгін өзім жаттығатын Көкшетау қаласындағы «Энергетик» жасөспірімдер футбол клубы жайлы айтқым келіп отыр. 2006 жылы ал-ғаш құрылғаннан бері қаншама жас ұлан  аяқ доп өнеріне машықтанды. Осы аз ғана уақыт аралығында 1997-1998 жылы туған балалар клубтың атын асқақтатты десем де болады. Біз көптеген республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, талай рет жеңістің биік тұғырына көтерілдік. Атап айтар болсам, 2014 жылдың 10-22 мамырында Қызылорда қаласында өткен Қазақстан Республикасының біріншілігінде чемпион атандық. Қазақ елінің түкпір-түкпірінен жиналған командалар арасында топ жару біздер үшін ең қуанышты сәттер еді.
Әрине, бұл кездейсоқ жеңіс емес. Біз осыған дейін де өз замандастарымыздың арасында талай  жарысты жеңіспен аяқтағанымыз бар. Мысалы, Зеренді ауылында қазақ футболының мақтанышы Тимур Сегізбаевтың жүлдесі сарапқа салынған халықаралық жарыста да бас жүлдені иелендік. Бұған көрші Ресейден және еліміздің бар өңірінен жас футболшылар келген еді.
Бұрнағы жылдары Алматыда өткен Козелько атындағы халықаралық турнирде алдымен үшінші, келесі жылы бірінші орын алдық. Бұл жарысқа Ресей чемпионатында жүлдегер болып жүрген командалар да қатысқан еді.
Ал, 2013 жылы Семейде қазақ футболының құрылғанына 100 жыл толуына арналған ірі жарыста екінші жүлдегер атандық. Осылай жыл сайын еліміздегі өз қатарластарымыз арасында ұдайы жүлдегер қатарынан көріну футболға деген шынайы сүйіспеншілігіміздің арқасы дер едім.
Біздің көкшелік команданың осындай белеске шығуына жаттық-тырушыларымыз Александр Петрович Горда мен Евгений Николаевич Валентюкевичтер көп еңбек етті. Олар кішкентай кезімізден футболдың машықтарын санамызға сіңірді. Әрбірімізге әке сияқты, қашанда мейіріммен қарайды. Біз де олардың айтқандарын екі етпей орындаймыз.
Қазір командамыздың үш ойыншысы – Адам Адахаджиев, Глеб Евсеев және Рамазан Тұяқбай Қазақстан футболындағы ең атақты клуб – «Қайраттың» футбол академиясында жаттығады. Ал, Сұлтан Әбілғазы өзіміздің  «Оқжетпес» клубында ойнайды. Біз де келешекте ел футболының мерейін көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын.

Айдын ҚАЙЫРКЕН,
«Энергетик» клубының  ойыншысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар