Аудандық ардагерлер кеңесі Асылтас Жүсіпованы 2014 жылдың ең белсенді зейнеткері деп таныды.
Асылтас әже «Ақ жаулық» вокальдық тобына жетекшілік етеді. 73 жастан асса да, аудандық, облыстық көркемөнерпаздар байқауларына қатысып, түрлі жүлделі орындарды еншілеп келеді. Ең бастысы, ол халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін кейінгі буынға насихаттаудан еш жалыққан емес. Сондықтан да, белсенді қарияның бұл игі ісі көпшілікті қуантып отыр.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күлән Сейдахметова Асылтас әжейді 2014 жылдың ең белсенді зейнеткері атануымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да осындай ұстанымымен көріне беруіне тілектестігін білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.
Бұланды ауданы.