Жастар тобы үштіктен көрінді

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының орталығында өңірлердегі атқарушы хатшылардың қатысуымен жыл  қорытындысына арналған  жиын  болып өтті.

Оған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Шахмардан Байманов, «Жастелеком», «Жас Тыныс» жастар ұйымдарының  көшбасшылары, белсенділер мен еріктілер қатысты. Бұл басқосуда Жақсы, Атбасар аудандары мен «Тыныс» акционерлік қоғамы қалалық филиалы бастауыш ұйымдардың өкілдері өткен жылы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы хабарлама жасады.
Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының облыстық атқарушы хатшысы Жанаргүл Жүнісова жастар бағдарламалары мен бастамаларын қолдап отырған бірқатар ұйым басшыларын  Алғыс хаттармен марапаттады. Ол 2014 жылы облысымыздың жастар тобы республикалық «Жас Отан» жастар қанатының рейтінгісінде  алдыңғы үштіктен көрінгенін хабарлап, жас отандықтарды биылғы жылы да жемісті еңбек етуге шақырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар