Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында V-ші «Отан» спартакиадасы мәресіне жетті.
Бұл жолы шаңғы спорты бойынша жарыс жолына алты департамент пен басқармалардың өкілдері шықты. Әйелдер 500 метрге, ерлер 1000 метрге күш сынасты. Облыстық қазынашылық департаменті мен облыстық тексеру комиссиясының спортшылары ұшқырлық танытып, жеңіс тұғырының алғашқы екі сатысын олжаласа, жүлделі үшінші орынға облыстық мемлекеттік кірістер департаменті табан тіреді.
Командалық есепте топ жарған облыстық қазынашылық департаменті кубокпен, ал, жекелей есепте көзге түскен спортшылар медаль және грамоталармен марапатталды.
«Ақмола Медиа Орталығының» хабарлары бойынша дайындалды.