Өнерлерін паш етті

Тіл – баға жетпес қазына, асыл мұра. Ол қоғаммен, тарихпен бірге өркен жаяды.

Ана тіліміз біздің қазақтығымыздың кепілі, мемлекеттігіміздің мызғымас нышаны. Ұлттық рухты таудан, тастан іздеудің қажеті жоқ. Ол сана мен жүректен басталады. Сондықтан, бізді біріктіретін тек қана мемлекеттік тіл қазақ тілі дер едім.
Біздің  Тастыталды орта мектебінде ұйымдастырылған қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеруге  бағытталған іс-шарада орыс және қазақ сыныптары әр ұлттың тілінде өлең оқып, жырдан шашу шашты. Онда  «Тіл-халық мұрасы» атты зияткерлік сайыс, «Бабамның тілі ұрпағына аманат» атты көркемсөз  оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылды. Әр халықтың билері орындалып, қойылымдар көрсетті. 7 сынып оқушысы Ержігіт Жақсылық «Көңіл толқыны» күйінің әуенінде өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, орыс, татар, әзірбайжан, армян, тағы басқа ұлт өкілдері «Тіл – халықтар достығының кепілі» атты мектепішілік фестиваль барысында салт-дәстүрлерін, ұлттық құндылықтарын дәріптеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Алмас ҚОЖАМЖАРОВ.

Тастыталды ауылы.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар