Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа оның Сауд Арабиясы Корольдігі тағына отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Корольге Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шынайы құттықтауы мен ізгі тілегін жолдады.

«Сіздің басшылығыңызбен Сауд Арабиясы Корольдігі ислам жамағатына қызмет етуді мақсат тұтқан саясатын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Корольдіктің өз дамуында жаңа белестерге көтерілуіне  және халықаралық аренадағы рөлінің артуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және әріптестік қатынастар екі елдің игілігі жолында тереңдей береді деп үміттенетінін жеткізді.
Қазақстан Президенті соңында Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа денсаулық пен амандық, болашақтағы игі істеріне табыс, ал, достас Сауд Арабиясы халқына береке-бірлік тіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады.

Мемлекеттік хатшы алдағы мерейтойлық даталарды  –  Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы  баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ, республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, орталық және өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар