Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің «2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылдың негізгі міндеттері туралы» есебі - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің «2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылдың негізгі міндеттері туралы» есебі

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашада жарияланған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы еліміз үшін өз дамуының осы кезеңіндегі жаңа бағыты болып табылады.

Елбасы жариялаған жаңа экономикалық саясат жергілікті атқарушы органдардың алдына жаңа басым міндеттер қойып отыр. Таяу жылдары экономиканың өсімін қамтамасыз ету, халықтың жұмыспен қамтылуы мен белсенділігін ынталандыру үшін бірқатар маңызды міндеттерді шешуіміз қажет. Ол міндеттерде бүгінгі күннің нақты жағдайы ескеріле отырып, инфрақұрылымдық даму жоспарында көрініс тапқан.
Бірінші кезекте бұл тұрғын үй-коммуналдық секторды, энергетикалық және транспорттық инфрақұрылымды модернизациялауды қажет етеді.  Екіншіден, индустриалдық сектордың одан әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету қажет. Бұл үшін жаңа инновациялық жобаларды іске асырып, бәсекелестікке қабілетті өндіріс орындарын құруға қолайлы жағдайлар қарастыру, туризмнің инфрақұрылымын дамыту қажет. Үшіншіден, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту басты назарда болуы керек. Ең алдымен, мектеп жасына дейінгі ұйымдарда, орта білім беру жүйесінде орын тапшылығын шешпей болмайды.
Кәсіпкерлікті дамыту, онымен айналысушылардың белсенділіктерін арттыру – өзара жеке бағыт. Экономикалық өсімнің драйвері ретінде шағын және орта бизнесті дамыту, жалпы аймақтық өнім көлемінде оның үлесін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыру қажет. «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты таяу жылдарда біздің экономикамыздың өсуінің қозғаушы күші болмақшы. Барлық бағыттарды іске асыру халықтың жұмыспен қамтылуын және кірістерінің өсуін қамтамасыз етеді. Ал, бұл өз кезегінде халықтың барлық топтарының өмір сапасының жақсаруына, әлеуметтік стандарттардың ұлғайып, тұтастай алғанда еліміздің соның ішінде аймақтардың әлеуетінің артуына жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Ақмола облысы экономикасының негізгі салаларының ырғақты дамуы, 2014 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткен көрсеткіштер бізге аймақта Мемлекет басшысымен алға қойылған ауқымды міндеттердің табысты шешілуіне берік негіз қалады деп айтуға толық мүмкіндік береді. 2014 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды табысты орындау, көзделген шараларды іске асыру есебінен экономиканың нақты өсімі 105,5 пайызды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,6, жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 2,2, құрылыс жұмыстары 16,1 тұрғын үйлерді пайдалануға беру 3,4 пайызға өсті. Экономикаға инвестициялар тарту 122,3 пайызға тең болды. Іс жүзінде барлық қызмет түрлерінде және әлеуметтік саясатта қол жеткен экономикалық өсім орташа айлық жалақының 7 пайызға жуық өсуіне жағдай туғызды. Жұмыссыздар саны 6 пайызға азайып, жергілікті бюджетке салықтың  түсуі 16,4 пайызға ұлғайды. Тұтыну бағаларының индексі 100,4 пайыз болды. Яғни, көзделген параметрлер – 6-8 пайыздан асқан жоқ.

Өнеркәсіп

Облыста 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бес жылдығы табысты іске асырылды. Индус-
трияландыру картасының шеңберінде 119,6 миллиард теңгенің 49 жобасы іске қосылды. Бес мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобалардың 35-і өнеркәсіп өнімдерін шығаруға бағытталған. Соның ішінде, 19-ы жоғары қосымша құнмен өнім шығарады. Инновациялық белсенді кәсіпорындар  7-еуден 83-ке ұлғайды. Инновациялық белсенділік деңгейі 1,2-ден 7 пайызға дейін өсті. 
Көптеген кәсіпорындарда өндіріс қарқыны, қуаттардың артуы, технологиялық үдерісті модернизациялау индустриялдық сектордың тұрақты дамуына игі ықпал етті. 2014 жылы  өнеркәсіптің өндіріс көлемі 295,2 миллиард теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнімдерінің өнім көлемінің  индексі 105,6 пайызды құрады. Бұл – республикада екінші көрсеткіш. Мұндай табысқа түсті металлургия, құрылыс индустриясы, азық-түлік өнеркәсібі  кәсіпорындары үлес қосты. «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Қазақалтын» ГМК» АҚ 10,8 тонна алтын өндірді. Өсім – 37 пайыз. «Енки» ЖШС керамикалық кірпіштер шығаруды 6,9 пайызға ұлғайтты. Степногорскідегі «Арыстан» құбыр зауыты пластмассалық құбырлар шығаруда 6,2 па-йыз өсімге қол жеткізді. Индустрияландыру картасы шеңберінде  «Астана-Агропродукт»,   «Agrimer Astyk», «МилкПрожект» ЖШС кәсіпорындарында жаңа өндірістерді іске қосу есебінен ет өндіру 29, өсімдік майы 2,3 есе, өңделген сүт 13, бидай ұны 8,4 пайызға ұлғая түсті. «Степногорск тау-кен химия комбинаты»,  «НовоПЭК» ЖШС, «Тыныс» АҚ  өнеркәсіп өнімдері көлеміне қосымша өсім берді. 
Индустрияландыру картасы кәсіпорындарында 2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің үлесі 25, соның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 34 пайызды құрады. 2014 жылы өңдеу салаларында 17,1 миллиард теңгенің 10 жобасы іске қосылды. Құрылыс материалдарын өндіру  мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу аймақ экономикасының басым бағыттары болғандықтан, жобалардың көбі осы екі бағыт бойынша іске асырылды. Көкшетау қаласында «Регион строй» ЖШС жылына қуаттылығы 50 мың шаршы метр үй құрылысы комбинатын іске қосты. Бұл жоба «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде салынатын тұрғын үй көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
«КазШпал» АҚ-ында бетон панельдері, «Көкшетау жолдары» ЖШС-ында жиналмалы-монолиттік құрылғылар, «ТрансТехмаш ЛТД» ЖШС-ында ағаш материалдары, «Жаңа сервис-2007» ЖШС-ында газ блоктары, «Полимер Пласт» ЖШС-ында полиэтилен өнімдерін шығару жөніндегі жобалар іске асырылды.  Көкшетау қаласында «Agrotrading-2007»  ЖШС жылына 37 мың тонна құрама жем өндірілетін зауытты іске қосты. AGRAVIS бренді бүкіл әлемнің ауыл шаруашылығы өндірушілеріне белгілі. Бұл кәсіпорынның мүмкіндіктері өте жоғары. Әдетте құрама жемді шағын мөлшерде алатын үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтары үшін көтерме-бөлшек сауда жүйесі құрылған.
Ақкөл ауданында «Үш бұлақ – 2005» ЖШС-ның жаңа құс фабрикасы жұмыс істей бастады. Бұл облысымыздағы осындай алғашқы кәсіпорын емес. Мұнда 200 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Степногорск қаласында жылдық қуаты 180 мың тонна күкірт қышқылы зауыты  жұмысқа кірісті. Жаңа өндірісті іске қосудың нәтижесінде алға қойылған міндеттердің бірі – күкірт қышқылына деген қажеттілігімізді өзіміз өтеуге және «Қазатомпром» ҰАК акционерлік қоғамын осы шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. 
2015 жылы облыста инвестиция мөлшері 97,8 миллиард теңгені құрайтын 15 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Көптеген жобалар индустриялық бағытта және қосымша құны жоғары дайын өнімдер шығаруға негізделген. Олар – Еңбекшілдер ауданындағы цемент зауыты, Степногорск қаласындағы алтын айыру фабрикасы, құрылыс индус-триясы, агроөнеркәсіп кешені нысандары. Ерейментау ауданында қуаттылығы 45 МВт алғашқы электр станциясы іске қосылмақшы. Атқарылатын жұмыстар тек Индустрияландыру картасының жобаларымен шектелмейді. Инновациялық индустрияландыруға бағытталған жаңа жобаларды қарастыру, неғұрлым сапалы өнімдер шығару жөнінде міндеттер қойылып отыр. Агроөнеркәсіп кешені
Аграрлық сектор аймақтық ішкі өнімнің жалпы көлемінің 20 па-
йызынан астамын өндіретін облыс экономикасының негізгі саласының бірі болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға байланысты міндеттерді орындау «Агробизнес-2020» Бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Мал шаруашылығын дамыту, жаңа үдемелі технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіру, жаңғырту мен күшейту есебінен еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары айқындалды. Ауыл шаруашылығының ішкі өнімін өндіру көлемі 238,8 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 102,2 пайызға артып отыр. Басымдық берілген дақылдарды егу, егістік алқаптардың құрылымдарын одан әрі жетілдіру, өсімдік шаруашылығы саласын диверсификациялау басым бағыт болып қала береді.
2014 жылы 346,7 мың гектар алқапқа майлы дақылдар егілген, бұл 95 мың гектарға көп, азықтық 220 мың гектарға себілген, бұрнағы жылмен салыстырғанда 12 мың гектар алқапқа артық себілген. Көктемгі егіс жұмыстары да өз деңгейінде өткізілгенін айта кетуіміз керек. 3,2 миллион гектар алқапқа немесе егістіктің жалпы көлемінің 75 пайызына ылғал ресурстарын үнемдеу технологиялары енгізілген.
Машина-трактор паркін жоғары өнімділік қуаты бар техникамен жаңарту жедел қарқынмен жүзеге асырылуда. 2014 жылы 351 астық комбайны, 366 трактор, 97 бірлік егіс кешені сатып алынды. Ауыл шаруашылығы саласын энергиямен жарақтандыру да біршама жақсы жолға қойылғанын атап өту ләзім. 100 гектар егістікке 127 аттық қуат жұмсалады, бұл көрсеткіш әлемдік стандартқа сай. Іс-шаралардың барлық кешенін жүзеге асыруда ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау негізгі рөл атқарады. 2014 жылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 16 миллиард теңге бағытталса, соның 13 миллиард теңгесі қайтарымсыз қаржы, қаржы көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артық.
Көктемгі егіс және күзгі орақ жұмыстарын өткізуге мемлекеттен 4,6 миллиард теңге несиелік қаржы бөлінді. Одан басқа ауыл шаруашылығы құрылымдары 150 мың тонна жеңілдетілген бағамен дизель отынымен қамтамасыз етілді. Бұл шаралардың барлығы тұтастай алғанда тиісті агротехникалық шараларды өз деңгейінде өткізуге мүмкіндік берді, соның арқасында гектар шығымдылығы 11 центнерден айналып, таза салмақта 4,5 миллион тонна астық жиналды.
Біздің аймақтың мүмкіндіктері ескеріле отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету мен экспорттық жайғастырудың негізгі саласы ретіндегі мал шаруашылығын дамытуға үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қолдау шаралары мен мақсатты бағытталған жұмыстардың негізінде мал шаруашылығында оң сипат қамтамасыз етіліп отыр. Шаруашылықтың барлық санаттарында мал мен құстың өсімі байқалады,  мал өнімділігі 2-ден 8 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 4-тен 12 пайызға өскен. Мал өсіру мен сұрыптау-асыл тұқымды мал басын көбейтуге ден қойылған. Қазіргі заманғы технологияларды енгізу арқылы мал шаруашылығын жаңғыртуға міндет қойылып отыр. Асыл тұқымды бұқалардың басын көбейту арқылы нашар тұқымды қара малды сіңіре будандастыру жолымен товарлы табынның тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту аталған міндетті шешудің бірден-бір жолы болып табылады. Аналық мал басын асылдандыру  24,3 пайызды құрады, ал, орташа республикада бұл көрсеткіш 19,9 пайыз. Жоғары сапалы сиыр етін экспорттауды қамтамасыз ету жөніндегі «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асыру шеңберінде облыс аудандары 4 мыңға жуық ірі қара мал басын бордақылауға қойған, малдың тірідей салмағы 1425 тоннаны құрап отыр. Экспортқа 688,4 тонна сиыр еті жөнелтілген. Облыста бір мезетте 18 мың бас малды бағатын 7 ірі бордақылау алаң құрылған (Еңбекшілдер ауданындағы «KazBeef LTD» ЖШС, Қорғалжын ауданындағы «Агро Эксперт ЛТД» ЖШС, Атбасар ауданындағы «Бастау» ЖШС, Жақсы ауданындағы «Новокиенка» ЖШС, Астрахан ауданындағы «Колутон-04» ЖШС, Есіл ауданындағы «Заречный» ЖШС, Шортанды ауданындағы «Новокубанское» ЖШС). 24 шағын және орта бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр. Барлық бордақылау алаңдарының (31 бірлік) жалпы қуаты 26,7 мың бас.
Ақмола облысы Астана қаласының азық-түлік белдеуінің аймағына кіреді. Сондықтан, облыстың ауыл шаруашылығы товарын өндірушілері Елордаға өз өнімдерін тасымалдайды. 2014 жылы қайта өңдеу кәсіпорындары 46 миллиард теңгенің өнімін өндірген, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға артық. Ет өндіру 29 пайызға, шұжық өнімдері – 11 пайыз, өсімдік майы – 2,3 есеге, сүт өнімдері – 13 пайызға, ұн өндіру 8,4 пайызға артқан. 2014 жылы Елорданың базарларына 69,3 мың тонна сүт өнімдері жеткізілген, бұл жалпы қажеттіліктің 40 пайызын құрайды, 19,6 мың тонна ет өнімі (46 пайыз), 230,5 миллион дана жұмыртқа (100 пайыз) cатылған. Сонымен бірге, азық-түлік белдеуі шеңберінде 2014 жылы жалпы соммасы 11,8 миллиард теңгені құрайтын 18 жоба жүзеге асырылған. Атап айтар болсақ, 9 астық сақтайтын қойма, 2 көкөніс қоймасы, құс шаруашылығына байланысты 3 жоба, 2 құрама жем заводы, сүтті қайта өңдеу жөніндегі завод пен мал шаруашылығы кешені.
Өндіріс қуатының толық мүмкіндігінде жұмыс істеуіне қол жетпесе де, бір тонна шикізаттан алынатын тауар өнімінің мөлшері қайта өңделгенде экономикалық тұрғыдан тиімді деп айтуға болады. Мұндай жетістікке тек қазіргі заманғы технологиялық құрал-жабдықтарды пайдаланғанда ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан, қазіргі заманғы технологияларды енгізуге бағытталған жұмыс биыл да жалғасын таппақ.

Шағын және орта бизнес
Шағын және орта бизнесті қолдау облыс экономикасының дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекет кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғызып отыр, несиелендірудің көздері мен көлемі ұлғайтылуда. 2014 жылы екінші деңгейдегі банктердің берген несиесі 23,2 миллиард теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ 2 миллиард теңгеге 679 несие берген, бұл 27 пайызға артық, шағын несиелік ұйымдар 1 миллиардтан астам теңгеге несиелендіруді жүзеге асырды. «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы қолдаудың аса тиімді тетігі болып табылады. 2014 жылы бағдарламаның бағыттарын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінді. Аймақтық үйлестіру кеңесі жалпы құны 14,8 миллиард теңгені құрайтын 94 жобаны мақұлдаған.
Кәсіпкерліктің нысандарына жетіспей тұрған инфрақұрылымдарды аяқтауға 1,6 миллиард теңге бағытталған, жалпы құны 8,6 миллиард теңге болатын 60 несие бойынша пайыздық мөлшерлеме қайта қаржыландырылған, 6 кәсіпкер 15 миллион теңгенің мемлекеттік грантына ие болды, 24 өтінім бойынша 573,4 миллион теңгеге кепілдендірілген ішінара несиелендіру қамтамасыз етілген. Әлбетте, қаржыландырудың үлкен көлемі кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігінің артуына ықпал еткені даусыз. Шағын және орта бизнестің белсенді активтерінің қатарына тағы 227 бірлік қосылғанын айта кеткен жөн, сонымен, бүгінгі күні олардың саны 358,5, мың бірлікті құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі 29-дан 31 пайызға артқан. Кәсіпкерлерге көмек ретінде облыстың барлық аудандарында «Даму» дамыту қоры» АҚ жанынан кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылған, олар облыста жұмыс істеп тұрған және бизнесін енді ғана бастаған кәсіпкерлерге  кеңестік, сервистік және басқа да қызмет түрлерін көрсетеді.
Ақмола облысы кәсіпкерлері Палатасының жанында сервистік компаниялар арқылы сервистік қолдау көрсетіледі, онда кәсіпкерлерге жаңа бизнес ашуға байланысты қызметтердің толық мүмкіндігі ұсынылады. Болашақта барлық аймақта кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарланып отыр, онда барлық рұқсат құжаттарын беретін қаржылық институттар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері орналастырылмақ. Құрылатын орталықтар бірқатар әкімшілік кедергілерді қысқартуға және облыстағы кәсіпкерлікті белсенді дамытудың қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Экономикаға құйылатын
инвестициялар
Нақты сектордағы көрсеткіштердің өсімі белсенді инвестициялық іс-әрекеттің есебінен қамтамасыз етілген. 2014 жылы облыс экономикасын дамытуға 181 миллиард теңге инвестиция салынған, бұл 22 пайызға артық. Инвестициялардың құрылымында қаржыландыру көздері бойынша 51 пайызы кәсіпорындар мен жеке салушылардың дербес қаржыларына тиесілі, соның есебінен 92 миллиард теңге игерілген. 2010 жылдан бері жеке инвестициялардың салым өсімі қозғалысының сақталып келе жатқанын атап өткен абзал. Республикалық бюджет қаржыларының үлес салмағы 26 пайызды құрады, жергілікті бюджет – 5 пайызға жуық. Бюджет қаржысы әлеуметтік сала нысандарын қайта жабдықтауға және салуға, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, тұрғын үй құрылысы мен жолдарды жөндеуге бағытталды. Шаруашылық субъектілерінің жеке және қарыз ақшаларының есебінен ауыл шаруашылығын дамытуға, өңдеу өнеркәсібіне, энергетикаға, көлікке, байланысқа және басқаларына инвестициялар салынды.

Сыртқы экономикалық қызмет
  2014 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымының көлемі 995 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылдың деңгейімен  салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары. Экспорттық тасымалдау 7,8 пайызға артса, импорт 2,9 пайызға төмендеген. Бүгінгі күні экспорттық товарлар – уран мен алтын төңірегіндегі жағдай әлемдік нарықта біршама өзгерген, сұраныс пен баға да төмендеп кетті. Сондықтан, басқа экспорттық  ұстанымға топталу, сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті өнімнің тізімдемесін кеңейту міндеті қойылды. Тағам мен сусын есебінен экспорттық тасымалдауды ұлғайту басым бағыттардың бірі болып табылады, өйткені, күні бүгінге дейін бұл өнімдерге деген сұраныс тұрақты болып қалуда. Облыс ет өндіретін мал шаруашылығын дамыту арқылы болашақта сиыр еті мен ет өнімдерінің ірі көлемін экспорттауды жоспарлап отыр. Облыстың ұн өндіретін кәсіпорындары, «ENKI» ЖШС кірпіш заводы, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «Арыстан» СТЗ» ЖШС сүбелі экспорттық резервке ие, олар өз өнімдерін Ресей Федерациясы мен ТМД мемлекеттеріне белсенді түрде тасымалдауда.

Тұрғын үй құрылысы

 2014 жылы тұрғын үй құрылысына қаржыландырудың барлық көздері арқылы 21,8 миллиард теңгенің инвестициясы құйылған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.  Оның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» Бағдарламасы шеңберінде 7,2 миллиард теңге бөлінген. Тұрғын үй салу жөніндегі жоспар орындалды. 2014 жылы жалпы аумағы 268 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген, бұл орайдағы көрсеткіш бұрнағы жылмен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады. 2,5 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Осы орайда, облыс тұрғындарының белсенді қатысқанын атап өткен абзал. Пайдалануға берілген үйдің жалпы көлеміндегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 70 пайызы (188 мың ш.м.) құрайды. Коммерциялық салушылардың есебінен 44,1 мың шаршы метр үй берілген. Кезекте тұрғандар үшін 2 тұрғын үй  немесе 55 пәтер – Ақкөл қаласында және Жақсы селосында 5 екі пәтерлі үй пайдалануға берілген. Облыс орталығы – Көкшетау қаласында тұрғын үй құрылысы салымдары жүйесі арқылы бес 30 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Медицина саласы қызметкерлері үшін 18 пәтерлі екі тұрғын үй салынды.
Су тасқынынан зардап шеккен Атбасар қаласының тұрғындары үшін 4 тұрғын үй салынды, жатақхана тұрғын үйге лайықталып қайта жабдықталды. Жеке тұрғын үй салу көлемі өсімінің бірден-бір шарты ретіндегі тұрғын үй құрылысы нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды аяқтауға 2014 жылы 4 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді, оның 1,8 миллиард теңгесі Целиноград ауданындағы Қосшы селосын дамытуға жұмсалды. Жалпы, облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 15,8 мың адам тұр, оның 6 мыңнан астамы Көкшетау қаласында. Құрастырмалы үйге арналған темір-бетон өнімдерін өндіруге бағдарланған «Регион-строй» ЖШС үй құрылысы  комбинатын іске қосу тұрғын үй құрылысының көлемін кеңейтіп, салыну мерзімін барынша жылдамдатуға мүмкіндік береді. 2015 жылы «Қолжетімді баспана-2020» Бағдарламасын жүзеге асыруға 4,8 миллиард теңге бөлінген. Жеке және коммерциялық құрылысты есепке ала отырып, биылғы жылы 6,3 пайыз өсіммен 285 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2014 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Бағдарламасы шеңберіндегі шараларды жүзеге асыруға 9,7 миллиард теңге, оның ішінде жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 3,1 миллиард теңге бөлініп отыр.  Республикалық бюджет есебінен Бұланды ауданының Макинск қаласындағы және Бурабай ауданының Бурабай елді мекеніндегі бу қазандығының құрылысы, Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта қалыпқа келтіру жүргізілді. Облыстық бюджет қаржысы Степногорск қаласының Заводской елді мекеніндегі жылу жүйесінің, Ақкөл ауданының Наумовка селосындағы бу қазандығының, Ақмол ауылындағы жылумен қамтамасыз ету жүйелері мен бу қазандығының 3-ші кезектегі құрылысына бағытталды. Целиноград ауданының Қоянды, Тайтөбе, 96-шы разъезд станцияларындағы электрмен қамтамасыз етудің жаңа желілері салынды, 2015 жылы осындай нысандар Қараөткел мен Талапкер селоларында іске қосылмақ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Бағдарламасы шеңберінде Көкшетау және Степногорск қалаларындағы 31 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Су, жылу және электр энергиясының ресурстарын үнемдеу коммуналдық қызметтерге шығындарды азайтудың бірден-бір факторы болып табылады. Сондықтан, өлшеу құралдарын орнату маңызды мәселе болып қала бермек. Бүгінгі таңда тұтынушылар пайдаланатын суды есептейтін аспаппен қамту облыс бойынша 94 пайызды құрайды. Ал, жылу есептеу 28 пайыз. Есептеу аспабы орнатылмаған немесе мүлде жоқ жерде коммуналдық қызмет бекітілген тариф бойынша өтеледі. Әрбір нысанға жылу мөлшерін есептейтін аспаптарды қою туралы міндет жүктеліп отыр. «Ақ бұлақ» Бағдарламасы шеңберінде тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз етуге 6,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Қаржы облыстың екі қаласы мен 25 селосына су құбырларының құрылысына, қайта жөндеуге және жөндеуге бағытталды. 2014 жылы 15 елді мекенде жобаланған жұмыстар аяқталды. Ауыз суды тасымалдап ішетін елді мекендердегі мәселелерді шешуге басты назар аударылды. Өткен жылы бұл түйінді мәселе Атбасар ауданындағы Новомировка, Шұңқыркөл селоларында, Зеренді ауданындағы Айдарлы ауылында шешілді. 2015 жылы Астрахан ауданындағы Қаракөл селосында және Зеренді ауданындағы Березняковка селосында ауыз су мәселесі шешіледі деп жоспарланып отыр. 2014 жылдың соңында орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлес салмағы облыс бойынша 87,4 пайызды құрады. 2014 жылы 18 селода іздеу, барлау жұмыстары аяқталды. Бұл шаралар жобалық құжаттарды дайындауға және алдағы уақытта орталықтандырылған су жүйесімен қамтылатын елді мекендердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді.

Көлік инфрақұрылымын дамыту
2014 жылы жергілікті маңызы бар автокөлік жолын жөндеуге және қалыпты ұстап тұруға 6,6 миллиард теңге бағытталды. Бұл қаржы 66,1 жергілікті маңызы бар жолды жөндеуге мүмкіндік берді. 2014 жылы Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы жаңа құрылыс алаңында көше жолдары салынды. Бурабай кентіндегі жол қайта жөндеуден өткізілді.
Жолаушылар тасымалдауға да аз көңіл бөлінбейді. 2014 жылы жылжымалы қоғамдық көлік құрамы 6 пайызға жаңартылды. Көкшетау қаласындағы автобус бағыттарындағы көлік қозғалысына спутниктік құрылғы арқылы мониторинг жүргізіледі. Бұлайша бақылау қоғамдық көліктердің қызметін жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. «Ақкөл-Наумовка» және «Астана-Берсуат» бағытындағы (Ақкөл ауданының Наумовка, Виноградовка, Радовка, Аршалы ауданындағы Берсуат, Ақтасты) тәрізді бес елді мекенді басып өтетін жаңа автобус бағыттары ашылды. Осының арқасында тұрғындарды тұрақты жолаушылар тасымалдау қызметінің жағдайы жақсарып, 2014 жылғы жоспарлы көрсеткіш 74 пайызға жеткізілді.
Көкшетау әуежайынан тұрақты түрде республика ішіндегі бағыттар бойынша Алматы және Шымкент қалаларына жолаушылар тасымалдануда. «Көкшетау-Ақтау» бағытындағы әуе қатынасы ұйымдастырылды. Облыста көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында автобекеттер мен автотұрақтарды бірегей стандарттарға сәйкес ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Көкшетау қаласында «Көкшетау автобекеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы бойынша автобекет ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттар да-йындалуда. Жобаны 2015-2016 жылдары жүзеге асыру межеленіп отыр. Облыстың өзге аймақтарында автобекеттерді қалыпты нормаға сәйкестендіру шараларының жоспары жасалуда.
2020 жылға қарай облыстағы аудан орталықтарын автотұрақпен қамтамасыз ету үшін 7 автотұрақтың құрылысы жоспарланып отыр. (Есіл қаласында, Аршалы кенті, Жақсы, Шортанды ауданы орталықтары, Ақмол ауылы, Балкашино, Зеренді селолары) және оның 4-еуі жолаушыларға қызмет көрсету орындары (Степняк қаласы, Егіндікөл, Қорғалжын селолары мен Державинск қаласы).

Аймақтық даму
Облыстың айрықша дамуына астаналық аймақ мәртебесі ерекше серпін береді. Бүгінгі күні Астана өзі де қарқынды дамып жатыр. Сонымен қоса, республиканың өзге өңірлерінің дамуына да серпін беруде. Осыған орай, бізде мол мүмкіндік, әрі жауапкершілік бар. Осы бағыттағы негізгі міндеттің бірі Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту. Осы жұмысқа облысымыздың барлық аймағы белсенді атсалысуда. Өткен жыл ішінде Астананың мамандандырылған дүкендері мен сауда сөрелеріне 69,3 мың тонна сүт өнімдері жеткізілді. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5,8 мың тоннаға артық. Ет және ет өнімдері 2,5 мың тоннаға молайып, 19,6 мың тоннаны құрады. Жұмыртқа 27 миллион данаға көбейіп, 230 миллион дана болды. Аймақтық дамудың негізгі мақсаты аудандардың ауыл-селоларындағы тіршілік деңгейін көтеру.
Астана маңындағы аймаққа Целиноград, Аршалы және Шортанды аудандары енгізілетіндігін ескере отырып, Ақмола облысын да Астана қаласының көркіне сәйкес дамыту көзделуде. Бұл бағытта атап айтарлық жұмыстар жүргізілді. 2011-2014 жылдары Астана маңындағы 20 елді мекенді дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 1720 орындық 8 балалар бақшасы, 4,5 мың орындық 5 мектеп, Целиноград ауданының Ақмол ауылында емхана, Шортанды ауданының Бозайғыр селосында дәрігерлік амбулатория, 9 медициналық пункті салынды. Жеті елді мекенде 44 шақырымды құрайтын көше-жол жүйесі салынды әрі жөнделді. Целиноград ауданының Қоянды, Тайтөбе, Талапкер, 96-шы разъезд селоларында электр жүйесі пайдалануға берілді. Оразақ селосынан Ақмол ауылындағы үшінші биіктіктегі станцияға дейін су жүйесі қайта жөнделді. Астана аумағындағы даму жұмыстары 2015-2020 жылдарға жасалған кешенді жоспар шеңберінде жүзеге аса беретін болады. Ол жоспарға тағы 14 елді мекен қосылып отыр.Тағы бір даму нүктесі Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағыты болып отыр.
Инвестициялық ахуалды тартымды ету мақсатында, туристердің назарын көбірек аудару үшін Ақмола облысында Щучье-Бурабай курортты аймағын дамытуға 2014-2016 жылдары жалпы соммасы 47,6 миллиард теңгені құрайтын 85 шараны топтастырған даму жоспары жүзеге асырылуда (екінші кезең). 
Бірыңғай кешенді жоспарда алғашқы кезекте тұрақты түрде жылу, сумен қамту, экологиялық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ететін бірыңғай канализациялық жүйе салу, жол құрылысы мен оларды жөндеу мәселелері тұр. 2014 жылы республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 3,8 миллиард теңгенің жұмысы атқарылды. Бөлінген қаржыға Бурабай кентінде құбыр тазалау нысандарын, жылу қазандығы және жылумен қамту жүйелерін салу жұмыстары жүргізілді. Қазір Бурабай ауданында  ІІБ-нің 4 нысанының құрылысы басталды. Курорттық аймақтың көше-жол желілеріне жөндеу жүргізілді. «Астана–Щучинск» тас жолының  266 шақырымында жол өткізгіштер жаңғыртылды.
Щучинск – Бурабай курортты аймағын дамыту жоспарына 2015 жылы  2,6 миллиард теңге бөлініп отыр. ЩБКА-ны дамыту жоспарындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сумен қамту,  көліктік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырумен бірге, облыста туристік нысандардағы инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылы 8 жоба іске асырылды. Олардың қатарында көпфункционалды конференц-залы мен нөмірлер қоры бар, халықаралық стандарттарға жауап беретін «Парк Хаус» отелі,  жоғары деңгейдегі емдеу кешенімен жабдықталған «Терасса Парк» отелі бар. Жуырда «Rixos» отелі маңайынан Бурабай курорттық аймағында  тәулік бойы жұмыс істейтін бірінші вейк-парк ашылып,  ойын-сауық кешендерінің қатарын толықтырды.
Туристік әлеуетті дамыту мен қалыпта ұстаудың қосымша резерві оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалануда жатыр.   Солардың бірі ретінде емдік балшықтардың, йод-бром  тұздықтарының бай көздерін атап өткен жөн. Щучинск – Бурабай курорттық аймағына түсетін үлкен антропогендік жүктемені ескере отырып, туристік қызметті дамыту тетігі бар облыстың Ақкөл, Бұланды, Қорғалжын, Сандықтау, Зеренді, Ерейментау аудандары да  игерілуде.
Өңірлік дамуда облыс орталығы – Көкшетау қаласына және аймақтың индустриялды орталығы саналатын Степногорск қаласына айрықша назар аударылып отыр. Көкшетау қаласын дамытуға 2014 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы 26,5 миллиард теңге инвестиция тартылды. Оның 7 миллиард теңгесі  бюджет қаражаты есебінен.  Қала тұрғындарын баспанамен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешілуде.  2014 жылы 7 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, қазір тағы 14 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жолдардың жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сай жүзеге асырылуда.  Өткен жылы бұл мақсатқа 1,3  миллиард теңге бөлінді.  Куйбышев,  Сәдуақасов, Горький, Абай көшелеріндегі учаскелерге және  Орталық базар аумағындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2014 жылы  біраз жылдардан бергі топтық резервуарлы қондырғылар (ТРҚ) мен лифт шаруашылығын қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласындағы 230 ТРҚ-ның тек 20 пайызы ғана (46 ТРҚ)  жұмыс істеп тұр.  Көп қабатты үйлерді газбен қамту мәселесін шешу үшін 2014-2016 жылдарға арналған газ бөлу қондырғыларын кезең-кезеңмен қалпына келтіру  шараларының жоспары жасалды.  Ол 184 газ бөлу қондырғысын қалпына келтіруді қарастырады. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр, 2014 жылы 59 ТРҚ жұмысқа дайындалды. Лифтерді ауыстыру және жөндеу бойынша да осындай жоспар жасалуда.  Бүгінгі таңда 342 лифтінің 229-ы қайта қалпына келтіруге жатады.
Тек облыс орталығы үшін ғана емес, жалпы облыс үшін  Көкшетау қаласындағы жылу-электр орталығының құрылысы ерекше мәнге ие. Жобаны жүзеге асыру қала тұрғындарын жыл бойы ыстық сумен қамтуға, электр қуатының бағасын төмендетуге, жылу қуаты тапшылығы мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі сараптама нәтижелері алынды.  Қазіргі таңда жобаны жобалау мен жүзеге асыруға инвестор тарту мәселесі қарастырылуда.
Степногорск қаласын кешенді дамыту Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында іске  асырылуда. Жалпы алғанда, 2014 жылы қаланы дамытуға 3,7 миллиард теңге бөлінді. Степногорск қаласы мен Ақсу, Заводской, Бестөбе кенттерінде, Новокронштадка елді мекенінде сумен қамту және су өткізу жүйесін жаңғырту бо-йынша ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды. Көшелік-жол желілері мен әлеуметтік сала нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Моноқаланың экономикасын әртараптандыру аясында «SARECO» БК» ЖШС  «сирек кездесетін металдардан ұжымдық концентрат өндіру бойынша «зәкірлі жобаны» жүзеге асырды.
Индустрияландыру картасын іске асыру аясында  2014 жылдың желтоқсанында  Қазақстан Республикасының Президенті өткізген телекөпірде «Қазатомпром» СКЗ БК» ЖШС-ның жылдық қуаты 180 мың тонна болатын күкірт қышқылы зауыты өз жұмысын бастады.

Білім беру
Облыстың білім беру ұйымдарының қызметі  мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін кеңейту,  жалпы орта білім беруге жағдай жасау, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталды.  2014  жылы білім саласының шығыны 47 миллиард теңгені құрады. «Балапан» бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам орынға арналған 27 мектепке дейінгі мекеме (13 бала бақша мен 14 шағын орталық)  ашылды. Бюджет қаражаты есебінен 5 бала бақша салынып, 2 бала бақша қайта қалпына келтірілді,  6  жеке бала бақша ашылды.  3 пен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 89,5 пайызды құрады.
Жүктемесі шамадан тыс мектептердегі орын тапшылығы мен апатты жағдайдың алдындағы мектептердің мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. 2014 жылы  Бұланды, Зеренді, Целиноград аудандарындағы 540 орынға арналған 4 мектептің және Көкшетау қаласындағы №17 мектептің 300 орынға арналған қосымша ғимаратының құрылысы аяқталды. Облыстың бес ауданында 1820 орынға арналған 5 мектеп пен Красный Яр селосында 500 орындық қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы Целиноград ауданының Тайтөбе ауылындағы  300 орынға арналған мектепті  пайдалануға берумен, облыста үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілетін болады. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында да біраз жұмыс атқарылды.  2014 жылы облыс мектептері үшін 151 кабинет сатып алынды,  компьютерлер мен интерактивті құрылғыларды алу жұмыстары одан әрі жалғасуда.
Аталған шаралар білім сапасына да оң әсер етті.  Өткен жылы ҰБТ-ның орташа балы 80,2-ні құрады. Бұл 2013 жылғыдан 9,9 балға жоғары. Осылайша осы көрсеткіш бойынша Ақмола облысы республикада 5 орынға тұрақтады. Педагогикалық қызметкерлердің сапалық құрамына да көп көңіл бөлінуде.  2014 жылы 1800 педагог қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарынан өтті.   Бүгінгі таңда оқытушылардың жалпы санынан 15 пайызы жоғары, 63 пайызы бірінші санатты ұстаздар. Білім берудің қолжетімділігінің маңызды аспектілерінің бірі – білім беру қорлары арқылы  білім алушыларды әлеуметтік қолдау болып табылады.  2014 жылы сол қорлардың есебінен   қажетті балаларға киім, аяқ киім сатып алынып, сауықтыруға қаржы бөлінді,  барлық тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға, яғни, 13 мыңнан астам отбасыға  материалдық көмек көрсетілді. Қатынап оқитын 3655 баланың толықтай 100 пайызы
бір реттік ыстық тамақпен   қамтылды. «Мектепке жол!» жалпы республикалық акциясы аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан 11,5 мыңнан астам мектеп оқушысына  8,2 миллион теңге көлеміндегі материалдық көмек көрсетілді.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға көп көңіл бөлінуде.  Ол 94-тен астам  мамандық және біліктілік бойынша беріледі. Облыстың индустриалдық-инновациялық өңірлеріне  мамандар даярлау басымдылыққа ие. Білікті кадрларды даярлауға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс нарықтағы сұранысты ескеріп жасалған. Ол бізде 4648 адамды құрады.  Техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша өсім байқалады. 2014 жылы  «Полимерлік өндіріс технологиясы» және «Жиһаз өндірісі» сияқты жаңа мамандықтар енгізілді.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» республикалық бағдарламасы шеңберінде  оңтүстік өңірлерден 100 түлек оқуға қабылданды. Оқу 2 колледжде – Шағалалы агробизнес, Щучинск қаласындағы экология және орман шаруашылығы колледждерінде жүргізіледі. 2015 жылы 6 колледжге 175 түлекті қабылдау көзделуде. 2013-2014 оқу жылдары дуальдық оқыту элементтерін енгізу бойынша сынамалық тәртіпте №2 Степногорск индустриалды-техникалық колледжі  жұмыс жасады. Жобаның әлеуметтік серіктесі  Степногорск подшипник зауыты болды.  2014-2015 оқу жылдары  дуальдық оқытуды 13 мамандық бойынша 500 студентті қамтамасыз ете отырып, 9 ТжКБ мекемесі жүзеге асыратын болады. Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласының алдында алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем қызметін жақсартып, аурудың алдын алу бойынша шараларды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау міндеттері тұр. 2014 жылы аталған саланы дамытуға 24,6 миллиард теңге бөлінді. Оның 21 миллиард теңгесі немесе 85 пайызы кепілдендірілген тегін медициналық жәрдемге жұмсалды. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға республикалық және жергілікті бюджет есебінен 1,6 миллиард теңге бөлінді. 170 медициналық құрылғы, 6 реанимобиль, медициналық жәрдем бригадаларына 5 автокөлік, 7 санитарлық автокөлік  сатып алынды. Бұған қоса, бюджеттік емес қаржыға, яғни, медициналық мекемелердің өз қаражаты есебінен 26,9 миллион теңгеге 93 медициналық құрылғы алынды. Бес медициналық мекемеге 77,3 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Оған 26 медициналық техника сатып алынды. Лизингке медициналық құрылғылар алу бойынша шаралар жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытуға да көп көңіл бөлініп отыр.  Ақкөл қаласы мен Зеренді ауылында 250 келушіге  арналған аудандық ауруханалардың құрылысы жүргізілуде. Жарқайың ауданының Державинск қаласында 70 орынға арналған аурухана мен емхананы  біріктірген нысан салынуда. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен  Ақкөл, Аршалы, Еңбекшілдер, Жарқайың  аудандарындағы 4 дәрігерлік амбулаторияның, Целиноград (6 нысан) және Аршалы аудандарындағы 7 медициналық пункттің құрылысы аяқталды. Аршалы ауданында ФАП салынуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен  Бурабай, Целиноград (2 нысан) аудандарында 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Бурабай, Шортанды аудандарындағы нысандар құрылысы аяқталды.
Ұлттық орталықтар мен республикалық клиникаларға еркін таңдау бойынша 8947 пациент жіберілді. Оның 56 пайызы жоғары сападағы медициналық жәрдем алған  ауыл тұрғындары. Кешенді алдын алу шаралары мен  емдеудің заманауи тәсілдерін енгізу нәтижесінде  облыста бірқатар әлеуметтік маңыздағы аурулар бойынша көрсеткіштердің тұрақталуы байқалып отыр. 2013 жылмен салыстырғанда жалпы өлім-жітім – 6, қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім – 20, туберкулезбен ауыру – 10,5, одан болатын өлім-жітім – 9, шарананың шетінеуі – 33 пайызға  төмендеді.
Денсаулық сақтау саласында 1933 дәрігер мен 6352 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді, 225 дәрігер жетіспейді. 2014 жылы медициналық кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға  республикалық бюджеттен  95,1 миллион теңге, ал, облыстық бюджеттен  19,4 миллион теңге бөлінді. 542 дәрігер мен 2250 орта медициналық қызметкер  оқып келді. Жыл сайын бас дәрігерлер,  қала, аудан әкімдіктерінің өкілдері медициналық ЖОО-ға барып, ондағы түлектерді өз өңірлеріне, оның ішінде ауылдық жерлерге тарту бойынша жұмыстарды жүргізеді. 2014 жылы облысқа 69 жас дәрігер келіп, олардың бәрі жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жұмысының басты бағыттарының бірі – халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп, осындай жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады. 2014 жылы 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 6,5 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 3,3 мың адам жұмысқа тартылды.
ЖҚЖК – 2020 бағдарламасын іске асыруға 2014 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,3 миллиард теңге бөлінді. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, өз кәсібін ашуға, бизнес негіздері тұрғысынан оқыған 468 адамға 1,1 миллиард теңгенің несиесі берілді. Оның негізгі бөлігі, яғни, басымдылық мал шаруашылығына берілген. Инфрақұрылымды жөндеп, елді мекендерді абаттандыру есебінен 871 жұмыс орны ашылды. Барлығы 66 инфрақұрылымдық нысан жөндеуден өтті. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1119 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар іс-тәжірибесіне 777 түлек жіберілді. Оның 1216-сы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
 Осындай кешенді шараларды жүзеге асырудың арқасында жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады. Ресми жұмыссыздық – 0,2 пайыз деңгейінде. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2,8 мың адамға азайды (2014 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша). Жұмыспен қамту қызметі арқылы 8,5 мың адам  жұмысқа орналастырылды.  Бұл жұмысқа орналасуға ниет білдіргендердің  78,1 пайызы. 3,9 мың адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. Кедейлік межесінен төмен деңгейде өмір сүріп жатқан  азаматтар  саны 226 адамға азайып, 725 адамды құрады.  Барлық қаржыландыру көздерінен 2736 аз қамтылған азаматқа 78,7 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мәдениет пен спорт
Облыста мәдениет саласын дамытып, қоғамның рухани тұрғыдан өсуін  қамтамасыз ету бағытында мақсатты шаралар атқарылды. 2014 жылы «Биле, жастық!», «Играй гармонь, звени домбра!», дәстүрге айналған «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауы сияқты ауқымды шаралар ұйымдастырылып, оған 217 ауылдық округтен 12 мың адам қатысты. Италиялық әртістердің қатысуымен «Көкшетау – тал бесігім!» музыкалық фестивалі, Балуан Шолақтың 150, Біржан салдың 180 жылдығына орай, «Ата мұра» аймақтық байқауы ұйымдастырылды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығы аталып өтілді. Республикалық ақындар одағының тұңғыш президенті,  белгілі айтыскер ақын  Көкен Шәкеевтің 90 жылдығы құрметіне «Көкшенің көк семсері Көкен ақын» атты тақырыппен аймақтық  ақындар айтысы өтті.
«Көкшетау» халықтық би ансамблі Константа қаласында өткен (Румыния) Түркі халықтарының ХХ фестиваліне, облыстық филармонияның «Гәкку»  би ансамблі Нью-Дели қаласында (Үндістан) өткен VІІІ халықаралық  ән мен би фестиваліне қатысты. Жоғары кәсіби шеберліктері үшін аталған ұжымдарға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді. 2014 жылы 189 концерт өткізіліп, 500-ден астам спектакль, 47 мың әртүрлі мәдени шара ұйымдастырылды. Өткен жылы облыстық Достық үйі пайдалануға берілді. Оның ашылуының өңірдегі этносаралық татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызы ерекше. Енді негізгі күш аймақтағы этникалық топтардың тілін, дәстүрі мен мәдениетін дамытуға жұмсалатын болады. 2015 жылы Қазақ хандығының – 550, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің – 70, Қазақстан халқы Ассамблеясының – 20, Қазақстан Республикасы Конституциясының – 20 жылдығына орай атаулы шаралар ұйымдастырылатын болады.
Алдағы уақытта облысымызда Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин мен жазушы, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойлары атап өтілмекші.
Қазіргі уақытта дене шынықтыру мен спортқа ерекше көңіл бөлініп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, сала инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған нақты іс-шаралар қолға алынуда. Осы орайда, өткен жылы Атбасар ауданында жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ақкөл ауданында жүзу бассейні пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында теннис орталығы ашылса, Жарқайың ауданында спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Спорттық нысандардың құрылыс-жөндеу жұмыстарына да ерекше басымдық берілген. Бұланды ауданының Макинск қаласындағы стадионы, Атбасар, Ақкөл аудандарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, «Оқжетпес» футбол клубының спортзалы жөндеуден өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 167 адамға арналған «Мерген» спорт клубы ашылды.
Спорт саласының инфрақұрылымын нығайту барысында спортшылар биік белестерден көрініп, халықаралық, республикалық сайыстарда 612 медальға қол жеткізді. 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 53 медальға артық. Бірінші разрядты  168 спортшы, 516 спорт шеберіне үміткер, 50 спорт шебері, 5 халықаралық дәрежедегі  спорт шебері даярланды. 2014 жылы спорттың 31 түрінен төрт облыстық спартакиада өткізіліп, оған 36 мың адам қатысты. Облыстық мекемелер арасына спорттың 9 түрінен 15 команда «Бірлік» ведомстволық спартакиадасында, мемлекеттік қызметшілерден құралған 10 команда «Отан» спартакиадасында бақтарын сынады. Оған жалпы 800 адам қатысты.

Жастар саясаты
Облыста мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарын жүзеге асыруда жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2014 жылы жастар саясатының іс-шаралары үшін 120 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталықтары ашылып, онда әр адамға психологиялық, құқықтық, әдістемелік көмек көрсетілуде. Аталмыш орталықтардың жұмысын үйлестіру үшін бюджеттен 110 миллион теңге қаржы бөлінді.
Ал, әлеуметтік аз қамтылған топтардағы жастарға қолдау көрсетіп, кәсіптік сапалы білім алуға ұмтылдыру үшін облыс әкімінің арнайы шәкіртақысы тағайындалады. 2014 жылы шәкіртақы бюджеті 61 миллион теңгені құрап, жетім, көпбалалы және толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ, қажет мамандықтар бойынша білім алып жатқан үлгерімі жақсы 238 студент шәкіртақымен қамтамасыз етілді. Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығына байланысты 2015 жылдан бастап шәкіртақы тағайындауда медицина саласында білім алып жатқан жастарға ерекше басымдық берілмекші.
Әртүрлі санаттағы жастар үшін адрестік жұмыс жүйесі қалыптастырылған. Жастар ешқашан назардан тыс қалған емес. Шығармашылықтары мен таланттарын шыңдау үшін оларға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осы орайда, өткен жылы дарынды жастар арасында «Студенттік көктем» облыстық фестивалі, «AkmolaPower» инновациялық идеялар мен жобалар байқауы,  «Zhas_akmola» жастар байқауы, көңілділер мен тапқырлар клубы сайысы ұйымдастырылды. Әсіресе, өскелең ұрпақтың халықаралық, республикалық іс-шараларға белсене атсалысуларына  ерекше көңіл бөлінуде. Оның айқын бір дәлелі, 2014 жылы өткен түрлі байқау, форум, фестивальдерде жүлделі орындарға ие болған ақмолалық өрендердің мерейімізді өсіруі.
Көкшетау қаласындағы музыкалық мектептің оқушысы Алина Галиева Францияда өткен «Канның жас жұлдыздары» балалар мен жасөпірімдердің халықаралық байқауында бірінші дәрежелі, Санкт-Петербург қаласында өткен «Салют талантов»  халықаралық жобасында екінші дәрежелі лауреат атанғанын ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ, республиканың алты қаласында өткен сайыстарда көкшетаулық «Ділмар» дебат клубы бірінші орынды жеңіп алды. «Ақмола лигасының құрама» командасы Қазақстан ұлттық  КВН лигасының жартылай ширек финалына өтсе, «Үш жүз» көңілділер мен тапқырлар клубының мүшелері «Жасыбай толқыны – 2014» фестивалінің Гран приін жеңіп алды. Ал, «Не дети» командасы Челябинск қаласында өткен «Снежные буйраки» халықаралық КВН фестивалінен елге жеңіспен оралды.

Тіл және ішкі саясат
Облыста тіл саясаты жүйелі жүргізілуде. Ол мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, өңірдегі барлық этностардың тілін сақтап, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.
Әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің үлесі 2014 жылы 60 пайызды құрады. Ал, қазақ тілді білім беретін мекемелерде, бала бақшалар мен шағын орталықтарда балалар саны 58-ден 70 пайызға, мектептерде 44,7-ден 46 пайызға дейін артты. Осы орайда, мемлекеттік тілде білім беретін мектептер мен бала бақшалар құрылысы да баса жүргізіліп жатқанын ерекше айтып өтуге болады. Мемлекеттік тіл саясатын дамытуға арналған 19 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Оның 17-сі қазақ, ағылшын тілдерін оқытады. 
Соңғы төрт жыл ішінде орталықтардағы тыңдаушылар қатары 2,5 мыңнан 4,9 мыңға, яғни, 2 есеге дерлік өсті. 2014 жылы 1076 адам қолдарына сертификаттар алды,  оның 523-і мемлекеттік қызметшілер. Тілдерді дамыту бағдарламасында қазақ тілін үйренгісі келетіндерге тегін курстар ашу қарастырылған. Мұндай курстар 12 орталықта бар.  Мемлекеттік тілді оқыту мәселелері бойынша тамыз конференциясы өткізіліп, Атбасар, Бұланды, Егіндікөл және Жарқайың аудандарында аймақтық көшпелі тәжірибелік семинарлар ұйымдастырылды. Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесе отырып, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» жобасы шеңберінде дөңгелек үстелдер, кездесулер мен брифингтер өткізілді. Мемлекеттік тілді кеңінен қолдану жөніндегі жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 2011 жылғы 86 пайыздан 2014 жылы 95 пайызға өсті. БАҚ-тардағы тіл саясатына қатысты басылымдар саны соңғы төрт жыл ішінде 3,5 есеге көбейді, облыстық телеарнадағы мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың  үлесі 69, радиода 50 пайызды құрайды. Облыста тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері үшін ана тілдерін оқыту мен дамыту бойынша тең мүмкіндіктер қарастырылған. «Шаңырақ» ана тілдерді оқыту мектебінде 8 тіл үйретіледі, аймақтарда диаспоралардың тілдерін үйрету бойынша курстар жүргізіледі.
Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік басымдықтарды насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның  имиджін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ішкі саясат саласында жергілікті атқарушы органдардың идеологиялық жұмыстарының бір бағыты болып табылады. Жүйелі жұмыстың арқасында 2014 жылы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы сақталып қалды.
Облыста саяси партиялардың 8 филиалы,  20-дан астам әртүрлі конфессиялардың 315 діни бірлестіктері, 590 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының құрамында 47 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Бүгінгі күні аймақта үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, діни және этно-мәдени бірлестіктермен өзара қарым-қатынастың оң тәжірибесі алға қойылған.
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша облыстағы кеңесші органдар – Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия, БАҚ жөніндегі қоғамдық кеңес, Үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс жасау жөніндегі кеңес және тағы басқалары мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтудың берік тетігі болып табылады.
Бүгінде азаматтық қоғам институттары тең құқылы әріптестер ретінде әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысады, бұл қоғамда азаматтық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. 2014 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар жобасы аясында облыстық бюджеттен 103 миллион теңге бөлінді. Қоғамдық-саяси келісімді сақтау барлық мемлекеттік органдардың  және олардың азаматтық қоғам институттарымен бірлескен қызметтерінің негізгі жұмысы болып қалыптасуы тиіс.
Бүгінде облыстың ақпараттық кеңістігі де кеңейіп отыр. Егер 1997 жылы облыста 2 облыстық және 17 аудандық газет, облыстық телерадиокомпаниясы жұмыс істесе, қазіргі таңда халыққа ақпаратты 97 бұқаралық ақпарат құралдары жеткізіп отыр, оның  78-і газет, 19-ы электронды БАҚ, бұлардың 65 пайызы мемлекеттік емес болып табылады. Тұрғындар осы БАҚ-тардың бәрінен барлық мемлекеттік органдардың қызметі туралы объективті түрде ақпараттандырылуы керек.
Өткен жыл көлемді іс-шараларға толы болды. Атап айтқанда,  Мемлекет басшысының қатысуымен Бурабай ауданында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші пленарлық мәжілісі болып өтті, қыркүйекте Елбасының жұмыс сапары шеңберінде облыс орталығындағы Достық үйі мен Теннис орталығы ашылды.  Жоғары деңгейде ұйымдастырылған халықаралық қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізілді, олар физикадан 45-халықаралық олимпиада, «Еуразиялық Джамбори 2014» скаут ұйымдарының слеті, Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Жоғарғы сот басшыларының   кеңесі. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығы, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толуы да өткен жылдың маңызды оқиғаларының бірі болды.
Биылғы жыл атаулы оқиғаларға одан сайын толы болады. Біз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның қабылданғанына және Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуын салтанатты түрде тойлаудың дайындық жұмыстарын бастадық. 
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мерекелік даталар «қазақстандықтарды рухани тұрғыда одан әрі жігерлендіріп, тату және одан әрі де  толерантты етуі тиіс». Жалпы, бұл іс-шаралардың идеологиясы мықты тәуелсіз мемлекет құру ісіне әрбір қазақстандықтың қатысуына жағдай жасауға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттің болашағына деген қоғамдық жағымды көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға бағытталатын болады.
Елбасы әрдайым жастардың назарын осы құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына  аударып отырады. Сол себепті, «Мәңгілік ел» және «Нұрлы жол» жалпыұлттық идеясы ең алдымен біздің өскелең ұрпақтың болашағы.
 
2015 жылдың басымдықтары
мен міндеттері
Биылғы жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауға бағытталатын болады.
1. Индустриалды секторда осы жылғы ең басты міндеттер: Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын іске асыруға белсене қатысу;  Индустрияландыру  картасы бойынша жалпы сомасы 97,8 миллиард теңгені құрайтын 15 нысанды пайдалануға беру; Индустрияландыру картасына енген кәсіпорындардың тұрақты жұмысы есебінен олардың жобалық қуаттарын арттыру, кен орындарының игерілу әлеуетін ескере отырып, қолда бар қорларды кешенді түрде игеру болып табылады.
Әлеуеті зор жобалардың қатарына жататын Жарқайың ауданындағы Массаль темір рудасы қорын  барлау, Зеренді ауданындағы Алексеевка каолин кен орнын игеру перспективалы жобаларға жатады. Аталған жобалар жоғары бағалы өнімдерді шығаруға бағытталғандықтан, Елбасының тапсырмаларымен сәйкес келеді. Дайын өнімді іске асыратын ықтимал рынокты ескере отырып, Индустрияландыру картасына енгізу үшін жаңа жобаларды сапалы түрде жоспарлау қажет.
2. Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басым бағыттары ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру болып қала береді. Монодақыл – бидай алқаптарын қысқарту және оларды басымдыққа ие дақылдармен кеңейтудің есебінен егіншілік шаруашылығын әртараптандыру одан әрі жалғасады. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында тиімсіз пайдаланылған жерлерді қайтарып алу және оларды ауыл шаруашылығы айналымына қосу жөнінде шаралар қолданылатын болады. Өндіріс көлемін арттыру резерві мал шаруашылығын дамытуға арналған мақсатты несиелік бағдарламаларға белсене қатысуда жатыр.
Жоспарлы көрсеткішті орындауда «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 10 мың бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 1 мың бас жылқы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 9,9 мың бас ірі қара мал сатып алу міндеті алға қойылған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың өндірістік  қуаты қамтамасыз етілсін. Сүт өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығын 65, ет өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығын 70, ұн өндіретін кәсіпорындардың қуаттылығын 35 пайызға жеткізу  қажет.
3. Шағын және орта бизнестің дамуы халықтың жұмыспен қамтылуында негізгі рөл атқарады. Жалпы аймақтық өнім көлемінде шағын және орта бизнес өнімдерінің үлесін арттыру үшін кәсіпкерлер Индустрияландыру бағдарламасына, жоғары қосымша құнмен өнім өндіруге бағытталған әлеуеті жоғары бизнес жобалардың жүзеге асырылуына кеңінен қатысулары қажет. Осы мақсатта  өз ісін ашуға ниет білдірген азаматтарға зор мүмкіндіктер туғызылатын, кәсіпкерлердің шағын несие беру арқылы мемлекеттік қолдау тетіктерін барынша қолдануларына жағдай жасалатын болады.
4. «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерін ескере отырып,  экономиканың инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттарды жария ету жолымен облыстың жағымды  имиджін  қалыптастыру есебінен жеке инвестицияларды, соның ішінде шетел инвестицияларын тарту қажет.
Индустриалдық бағдарламаның екінші бесжылдығын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар шеңберінде энергетиканы, құрылыс индустрия-сын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға бағытталған 8 перспективалық инвестициялық жобадан пул жасақталды. Бұл жобаларға 2,3 миллиард АҚШ доллар көлемінде жеке инвестициялар қарастырылып отыр.
5. Инфляцияның өсуіне жол бермеу – әлеуметтік маңызды міндет.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны реттеу, оларды сату барысында алыпсатарлықтың жолын кесу, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жөнінен кешенді шаралар іске асырылады.
6. «Қолжетімді баспана – 2020» әлеуметтік бағдарламасы одан әрі  іске асырылатын болады. 2015 жылы 285 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға беру көзделуде. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 6 пайызға артық. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИО» АҚ желісі бойынша  жалдамалы тұрғын үй құрылысы шеңберінде 19,5 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын іске қосу жоспарланып отыр.
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру арқылы өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдардың ахуалы жақсартылады. Облыс орталығын газбен жабдықтауды жақсарту мақсатында 2014-2016 жылдарға арналған газ таратқыш құрылғыларды кезеңмен қалыпқа келтіру жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес биыл 50 газ реттегіш құрылғы жөндеуден өткізіледі.
8. Білім беру саласында мектепке дейінгі мекемелер жүйесін  мемлекеттік және жеке әріптестік негізде кеңейту жұмыстары одан әрі  жалғастырылады. 2015 жылы 2,7 мың орындық 28 нысанды тапсыру жоспарлануда. Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін ірі мектептер жанынан ресурс орталықтарын құру арқылы шағын жинақты мектептерді реструктуризациялау жөніндегі мақсатты жұмыстар жалғасын табады. Техникалық және  кәсіптік білім беру саласында еңбек нарығына қажетті мамандарды сапалы даярлау басым бағыт болып қалады.
9. Денсаулық сақтау саласында бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, медициналық көмек көрсетудің профилактикалық бағытына артықшылық беру, ауру-сырқауды алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға баса көңіл бөлінеді. Әлеуметтік маңыздағы ауруларды азайту, ана мен баланы қорғау, білікті кадрларды тарту жөніндегі мәселелерді шешу жұмыстың басым бағыттары болмақшы.
10. Тұрақты жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған азаматтарды оқыту және қайта оқыту, оларды кейін міндетті түрде жұмысқа орналастыру есебінен жұмыссыздықты барынша азайту қажет.   
Мүмкіндіктері шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне айрықша көңіл бөлінетін болады. Осы орайда, жоспарланған шаралар шеңберінде халықтың аталған тобының барлық өмірлік маңызы бар нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар