Жиырма ізгі іс

«Менің Қазақстаным» монументінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына орай өткізілген салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жиналғандарға Елбасының құттықтауын оқып беріп, Ассамблеяның 20 жылдығына ақмолалықтар қызу атсалысатынына сенім білдірді. 

Салтанатты шараға ардагерлер, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым, спортшылар, еңбек ұжымдарының, кәсіпорындар мен мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жастар қатысты.
Алдымен, Тутұғырда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туы көтеріліп, Көкшетау техникалық институты мен басқа да жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Достық» флешмобы ұйымдастырылды. Мемлекеттік Ту мен Ассамблеяның логотипін ұстаған жастар татулық идеясын насихаттап, оны нығайтуға үлес қосуға әзір екендіктерін,  елдегі бірлікті қадір тұтатындарын  паш етті.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өз сөзінде облыс әкімі Сергей Кулагиннің  Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу салтанатында Елордадан «20 ізгі іс» эстафетасын қабылдап алып жатқандығын айтты. Астанамыздан кейін эстафетаның бізге берілуі  ақмолалықтар үшін абыройлы іс екендігі айдан анық.
–Елбасының көреген саясатымен өмірге келген бұл қоғамдық институттың ел егемендігін нығайтуға қосқан үлесі орасан. Ұлтаралық келісім мен татулықты сақтаудың арқасында қазақстандықтар  толайым табыстарға жетті. Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да тек бірлігі бекем мемлекеттердің ғана бүгінгідей жаһандық қиындықтарды еңсере алатындығын ерекше атап өткендігі жайдан-жай емес. Биылғы мерекелер тоғысқан жылы ақмолалықтар да ел экономикасын нығайтып, оның әлеуетін арттыруға аянбай үлес қосатындықтары сөзсіз, – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.
Шара барысында біз пікірлескен «Қазақ-түрік достығы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фатих Икиджи кез келген мемлекеттің әлемдік аренадағы беделі ел іргесінің беріктігіне байланысты, Қазақстан міне, осындай ынтымағы жарасқан ел дейді. Шара соңы татулықты ту еткен Ассамблея ұраны – «Достық бесігі» әнімен жалғасты. Сонымен, «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» эстафетасы ақмолалықтар қолында. Ассамблея жылы жарқын істер мен оқиғаларға толы болатындығы сөзсіз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар